---
title: "Сочидегі Олимпиада, 4-күн: Медальдар саны бойынша озық шыққан елдер"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан 22-ші Қысқы Олимпиада ойындарының төртін..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-11T23:38:27+00:00"
modified: "2014-02-11T23:38:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sochidegi-olimpiada-4-k-n-medaldar-sany-boyynsha-ozy-shy-an-elder-400214"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sochidegi-olimpiada-4-k-n-medaldar-sany-boyynsha-ozy-shy-an-elder-400214/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сочидегі Олимпиада, 4-күн: Медальдар саны бойынша озық шыққан елдер

> АСТАНА. ҚазАқпарат — Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан 22-ші Қысқы Олимпиада ойындарының төртін...

[!\[Сочидегі Олимпиада, 4-күн: Медальдар саны бойынша озық шыққан елдер\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140209234514-21-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140209234514-21.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан 22-ші Қысқы Олимпиада ойындарының төртінші күні аяқталды.

Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарының ресми сайтында хабарланғандай, 10 ақпандағы жарыстардың нәтижелері бойынша бірінші орынға 7 медальмен канадалықтар шықты (3 алтын, 3 күміс, 1 қола). Екінші орыннан голландиялықтар көрінсе (барлығы 7 медаль — 3 алтын, 2 күміс, 2 қола), үшінші тұғырға норвегиялықтар шықты (7 медаль — 2 алтын, 1 күміс, 4 қола). Ал келесі орында қанжығасына 5 медаль байлаған АҚШ елі тұр (2 алтын және 3 күміс). Бесінші орын 2 алтын медальды місе тұтқан Германия құрамасына тиесілі. 2014 жылғы айтулы ойындардың иесі Ресей болса, 6 медальмен алтыншы орынды иеленді (1 алтын, 2 күміс, 3 қола). Қазақстан құрамасының қоржынына әзірге бірде-бір медаль түспеді.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290) , [Олимпиада](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/1382)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sochidegi-olimpiada-4-k-n-medaldar-sany-boyynsha-ozy-shy-an-elder-400214](https://yvision.kz/kk/post/sochidegi-olimpiada-4-k-n-medaldar-sany-boyynsha-ozy-shy-an-elder-400214)