---
title: "Сочи Олимпиадасына дайындық жаттығулары шетелде өтеді — шаңғышы Н.Чеботько"
description: "Сочи Олимпиадасына дайындық жаттығуларын біз шетелде өткізетін боламыз. Бұл туралы бүгінгі баспасө..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-10-20T23:10:10+00:00"
modified: "2013-10-20T23:10:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sochi-olimpiadasyna-dayyndy-zhatty-ulary-shetelde-tedi-sha-yshy-n-chebotko-380123"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sochi-olimpiadasyna-dayyndy-zhatty-ulary-shetelde-tedi-sha-yshy-n-chebotko-380123/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сочи Олимпиадасына дайындық жаттығулары шетелде өтеді — шаңғышы Н.Чеботько

> Сочи Олимпиадасына дайындық жаттығуларын біз шетелде өткізетін боламыз. Бұл туралы бүгінгі баспасө...

[!\[шаңғышы Николай Чеботько\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/20130310093546-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/20130310093546.jpg) Сочи Олимпиадасына дайындық жаттығуларын біз шетелде өткізетін боламыз. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанның спорт шебері, шаңғышы Николай Чеботько мәлім етті. «Ертең біз дайындық жаттығуларын бастаймыз. Бұл — ұзақ кезең. Алдымен біз Австрияға он күнге барып, Рамзау тауларында жаттығамыз. Одан кейін бір айдай Финляндияда боламыз. Басты мақсат — аяқты қарға ертерек тигізіп, дайындықты бастау. Арғы жағын бапкерлермен бірге көре жатармыз. Мен өзім жеке және командалық спринтті қалаймын. 15 шақырымға дейін кез келген дистанцияға дайынмын…50 шақырымнан басқа», — дейді Н.Чеботько.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: [Арман Асқаров](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1210)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sochi-olimpiadasyna-dayyndy-zhatty-ulary-shetelde-tedi-sha-yshy-n-chebotko-380123](https://yvision.kz/kk/post/sochi-olimpiadasyna-dayyndy-zhatty-ulary-shetelde-tedi-sha-yshy-n-chebotko-380123)