---
title: "Сочи Олимпиадасы: Дмитрий Бабенко 10 шақырымдық жарыста 12-орын алды"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — 28 жасар қазақстандық конькиші Дмитрий Бабенко Сочидегі Ақ Олимпиаданың 10 ш..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-18T23:23:49+00:00"
modified: "2014-02-18T23:23:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sochi-olimpiadasy-dmitriy-babenko-10-sha-yrymdy-zharysta-12-oryn-aldy-401411"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sochi-olimpiadasy-dmitriy-babenko-10-sha-yrymdy-zharysta-12-oryn-aldy-401411/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сочи Олимпиадасы: Дмитрий Бабенко 10 шақырымдық жарыста 12-орын алды

> АСТАНА. ҚазАқпарат — 28 жасар қазақстандық конькиші Дмитрий Бабенко Сочидегі Ақ Олимпиаданың 10 ш...

[!\[Сочи Олимпиадасы: Дмитрий Бабенко 10 шақырымдық жарыста 12-орын алды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140218220642-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140218220642.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — 28 жасар қазақстандық конькиші Дмитрий Бабенко Сочидегі Ақ Олимпиаданың 10 шақырымдық жарыс жолына шығып, 12-орынға табан тіреді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Ол бұл сайыста 13 минут 33,18 секунд көрсеткішімен мәре сызығын кесіп, көшбасшыдан 48,73 секундқа қалып қойды. Барлық мінбеге голландық конькишілер мінді. 12 минут 44,45 секунд уақытымен олимпиадалық рекордты жаңартқан Йорит Бергсма бірінші орын алса, Свен Крамер күміс жүлдені қанжығасына байлады. Тағы бір Голландия спортшысы Боб де Йонг үшінші орынға ие болды. Бұның алдында Д.Бабенко 5000 метрлік қашықтықта 15-орын, 1500 метрлік сайыста 30-орынға табан тіреген болатын.

Автор: [Жасұлан Жолдыбаев](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1224) [!\[Сочи Олимпиадасы: Дмитрий Бабенко 10 шақырымдық жарыста 12-орын алды\](http://www.inform.kz/img/ico_twitter.png)](https://twitter.com/inform_zhas)

Басты сөздер: [Олимпиада](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/1382) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sochi-olimpiadasy-dmitriy-babenko-10-sha-yrymdy-zharysta-12-oryn-aldy-401411](https://yvision.kz/kk/post/sochi-olimpiadasy-dmitriy-babenko-10-sha-yrymdy-zharysta-12-oryn-aldy-401411)