---
title: "Сочи Олимпиадасы: Берестовский мен Іңкәрбек акробатика бойынша финалға өте алмады"
description: "СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық фристайлшылар Сергей Берестовский мен Бағлан Іңкәрбек акробатик..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-17T22:36:53+00:00"
modified: "2014-02-17T22:36:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sochi-olimpiadasy-berestovskiy-men-i-k-rbek-akrobatika-boyynsha-final-a-te-almady-401191"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sochi-olimpiadasy-berestovskiy-men-i-k-rbek-akrobatika-boyynsha-final-a-te-almady-401191/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сочи Олимпиадасы: Берестовский мен Іңкәрбек акробатика бойынша финалға өте алмады

> СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық фристайлшылар Сергей Берестовский мен Бағлан Іңкәрбек акробатик...

[!\[Сочи Олимпиадасы: Берестовский мен Іңкәрбек акробатика бойынша финалға өте алмады\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140209234514-41-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140209234514-41.jpg)

СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық фристайлшылар Сергей Берестовский мен Бағлан Іңкәрбек акробатика бойынша финалға өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сочи Олимпиадасынан.

Олар екі біліктілік турниріне қатысып, біріншісінде, Сергей 16-орында, ал Бағлан 21-орында болды. Екіншісінде, олар сәйкесінше 11 және 13-орында тұрақтады. Әр турда финалға үздік нәтиже көрсеткен алғашқы алты спортшы өтеді. Екі турдың қорытындысы бойынша С. Берестовский 17-ші, Б. Іңкәрбек 19-шы орынға жайғасты. Акробатика бойынша жарыстар квалификациялық және финалдық кезеңдерді қамтиды. Оның әрқайсысында спортшылар арнайы трамплиннен екі мәрте секіреді. Ақтық сайысқа аталған жарыстан ең жоғары балл жинағандар өтеді.

Автор: [Руслан Ғаббасов](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1211)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290) , [Олимпиада](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/1382)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sochi-olimpiadasy-berestovskiy-men-i-k-rbek-akrobatika-boyynsha-final-a-te-almady-401191](https://yvision.kz/kk/post/sochi-olimpiadasy-berestovskiy-men-i-k-rbek-akrobatika-boyynsha-final-a-te-almady-401191)