---
title: "Сочи-2014: Қазақстандық сноубордшы Валерия Цой 1/8 финалға өте алмады"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін Сочидегі Олимпиадада қазақстандық спортшылар үш сайыс бойынша ойындарғ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-23T23:34:01+00:00"
modified: "2014-02-23T23:34:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sochi-2014-aza-standy-snoubordshy-valeriya-coy-1-8-final-a-te-almady-402166"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sochi-2014-aza-standy-snoubordshy-valeriya-coy-1-8-final-a-te-almady-402166/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сочи-2014: Қазақстандық сноубордшы Валерия Цой 1/8 финалға өте алмады

> АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін Сочидегі Олимпиадада қазақстандық спортшылар үш сайыс бойынша ойындарғ...

[!\[Сочи-2014: Қазақстандық сноубордшы Валерия Цой 1/8 финалға өте алмады\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140223055610-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140223055610.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін Сочидегі Олимпиадада қазақстандық спортшылар үш сайыс бойынша ойындарға қатысты.

Бүгінгі жарысқа алғашқы болып сноубордшы қызымыз Валерия Цой шықты. Өкінішке орай, ол параллельді алып слалом бағдарламасы бойынша 1/8 финалға өте алмады. Бұл спортшымыз біліктілік кезеңінде небәрі 32-ші орынға табан тіреді, деп хабарлайды sports.kz. Ал шаңғышыларымыз Елена Коломина мен Татьяна Осипова 30 шақырымдық жарысқа қатысып, сайыс нәтижесінде Коломина 48-ші, ал Осипова 51-ші орынды иеленді. Ерлер арасындағы биатлоннан жарыста Антон Пантов, Сергей Наумик, Александр Трифонов пен Диас Кенешевтен құралған қазақстандық команда 7,5 шақырымнан 4 эстафетаға жүгірді. Алайда, олар да негізгі топтан қалып қойып, оң нәтижеге қол жеткізе алмады. Ойын қортындысы бойынша бұл құрама 10 рет мүлт кетіп, LPD алды. Жалпы медальдық есепте: 1. Ресей - 29 (11, 10,8); 2. Норвегия - 25 (11, 5, 9); 3. Канада - 24 (9, 10, 5); 26. Қазақстан - 1 (0,0,1).

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290) , [Олимпиада](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/1382)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sochi-2014-aza-standy-snoubordshy-valeriya-coy-1-8-final-a-te-almady-402166](https://yvision.kz/kk/post/sochi-2014-aza-standy-snoubordshy-valeriya-coy-1-8-final-a-te-almady-402166)