---
title: "Соғыстан кейінгі публицистика"
description: "Журналист қай кезеңде қаламын қолға алса, сол кезеңнің мәселелерін талқыға салады. Сол сияқты М.Қара..."
author: "ZHUMABEKAIDANA17112001"
published: "2020-10-04T13:17:24+00:00"
modified: "2020-10-04T13:17:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-ystan-keyingi-publicistika-867934"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-ystan-keyingi-publicistika-867934/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Соғыстан кейінгі публицистика

> Журналист қай кезеңде қаламын қолға алса, сол кезеңнің мәселелерін талқыға салады. Сол сияқты М.Қара...

Журналист қай кезеңде қаламын қолға алса, сол кезеңнің мәселелерін талқыға салады. Сол сияқты М.Қаратаев, С.Мұқанов, М.Әуезов, М.Иманжанов, Ә.Нұршайықов сынды белді тұлғаларымыз соғыс тауқыметін басынан өткеріп, әскери саланы да бағындырып үлгерді. Бұл қаламгерлердің қолынан «Правда», «Известия», «Литературная газета» атты ел аузынан түспейтін газет, журналдар жазылып, басылып шыққан.

Соғыстан кейінгі баспасөз жайлы айтпай тұрып, соғыстан кейінгі жағдайды баяндау заңдылық. Ұлы Отан соғысы тек тарихқа емес, сонымен қатар әдебиет пен журналистикаға да өз серпінін тигізіп кетті. Егер соғыс жылдары қаламгерлеріміз соғыс барысын баяндап, жауынгерлерімізді жігерлендіріп отырса, соғыстан кейінгі жылдар өзгеше сипатымен ерекшеленді. Соғыс барысында бәрі қирап, ауыр жағдай бастан өткені бәріне мәлім. Фашистер елімізде 70 мың село, 31 мың өнеркәсіп орнын, 98 мың колхоз бен 2 мың совхозды қиратты. Ендігі кезекте қиратылғанды қалпына келтіру жұмыстары, сонымен қатар ел аузынан түспейтін тың игеру тақырыптары негізгі мәселеге айналып, талқыға түсті. Тағы бір айтып кететін ерекшелік- соғыстан кейінгі жылдары қалмагерлердің тақырыптары фельетон және очерк жанрларына аяқ басты. Ендігі кезекте журналистика мен әдебиетті қатар алып жүрген белді қаламгерлеріміз ішкі ахуалға тереңірек ене бастады. Бұл жылдары журналисттік бағыттан әдеби серпін жақсы дамыды. Яғни, ақындарымыз кітап шығарып, қызықты тақырыптарды талқылады. Мәселелердің көсемі ретінде еш өшпес тақырып- тың игеру болды. Осы тұста ерекше тұлға, журналистика мен әдебиетті қатар алып жүрген қаламгеріміз Сәбит Мұқановтың аты аталмаса болмайды. Оның «Туған жердің тыңында», «Тыңға шабуыл», «Алғашқы жеміс», Бірінші ұялар», Болашақтың жолдары» атты туындылары осы тыңның айналасында жазылған. Сәбит Мұқанов негізінен Жаманшүбар мекенінің тұрғыны еді. Оның туындылары көбіне осы жерлерге байланысты болып келеді. Сәбит өзі туылған иен даланы көріп , үнемі ойға шомады. «Осынша топырағы асыл жерге, неге ел орнамайды?»,- деп тебіренеді екен. Жалпы тың игеру жылдары оңайынан болған жылдар емес еді. Бірақ Сәбит Мұқановтың ойы бөлек. Оның ойынша, тың өзімен бірге жаңа үйлер, жан біткен егістік алқаптар, телефон желілері, ұшқан самолеттар, еңбексүйгіш жандарды алып келді. Бұның шындыққа жанасатыны да бар. Бірақ есесіне тыңның көрсеткен тауқыметтері де жетерлік деп ойлаймын.

Соғыстан кейінгі жылдар очерктердің көптеп тараған тұсы. Сәбит Мұқанов очерк жазуға үлкен дайындықпен келу қажет екенін жастарға түсіндіріп те кеткен. Жалпы газет очеркі дегеніміз- қызықты материал. Яғни әңгімені суық ызғармен үстірт баяндау емес, қызыға жанын сала жазу. Осы очерктің таралуына байланысты Т.Ыдырысов «Соғыстан кейінгі жылдарда өңкей очерктерден құрастырылған жинақтар, жеке авторлардың кітаптары шығарыла бастады.»,- деп жазған. Оған дәлел С.Мұқановтың «Саяхаттар», Ғ.Слановтың «Бесжылдықтың өрендері», Ә.Нұршайықовтың «Алыстағы ауданда» сынды туындылар. Негізі очерктер түрлі бағыттарда жазылды. Мысалы орыс жазушыларының жаппай мадаққа бағытталған очерктері шықты. Сонымен қатар, елдегі шешімін таппаған мәселелердің бетін ашқан очерктер ерекше танымал болды.

Ауыр кезеңнен шығып очерктер тарай бастаған жылы, сонымен қатар фельетон да өріс алды. Осыған байланысты Е.П.Прохоров «Фельетон публицистикалық шығарма болғандықтан, өз міндетін ерекшеліктеріне байланысты, ең алдымен образ арқылы толыға түседі. Сонымен қатар фельетон әлеуметтік құбылыстарға социологиялық формад а да талодау жасайды»,- дептүсіндіріп өткен. Фельетон жанрында композициялық жағынан жетілуіне үлес қосқан белді тұлға- Сейділдә Төлешов. Оның 200 ден астам фельеттьндары болғаны белгілі. Төлешовтың фельетондарына «Социалистік Қазақстан» газеті ерекше бай. Себебі Төлешов фельетондарын «Т.Күреңше», «С.Шынаров» немесе «С.Атуаров» сынды бүркеншік аттармен осы газетте жариялап келді. Халық бұл фельетондарды жоғары бағалады. Тіпті, іздеп жүріп оқитындай дәрежеде болды.

Жалпы соғыстан кейінгі публицистика очерк пен фельетонның дәуірі болды. Ал біздің қаламгерлер әдеттегідей заман ағымына сай халықты қуантуын тоқтатпады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/so-ystan-keyingi-publicistika-867934](https://yvision.kz/kk/post/so-ystan-keyingi-publicistika-867934)