---
title: "Соғыс болмасын"
description: "Мен, Абуов Ерназар, бүкіл жер шарындағы азаматтарға үндеу хат жолдаймын. Жер шарында үлкен де кіші д..."
author: "yernazar"
published: "2015-08-13T02:56:54+00:00"
modified: "2015-08-13T03:01:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-ys-bolmasyn-529451"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-ys-bolmasyn-529451/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Соғыс болмасын

> Мен, Абуов Ерназар, бүкіл жер шарындағы азаматтарға үндеу хат жолдаймын. Жер шарында үлкен де кіші д...

Мен, Абуов Ерназар, бүкіл жер шарындағы азаматтарға үндеу хат жолдаймын. Жер шарында үлкен де кіші де соғыс болмасын. Азаматтар мен азаматшалар соғысты болдырмайық, онсызда адам қасіретіне ұшыраған табиғи апат, ауру сырқау, зорлық-замбылық, жол апаттарының да саны да аз емес. Азаматтар, бір-бірімізге қастандық жасамайық, онсыз да қысқа өмірде Алланың берген жасын жасап, тату-тәтті, бақытты байсалды өмір сүруге тырысайық. Өз-өзімізге қиянат жасамай, келешек ұрпақты адамгершілік жолына жетелейік. Бір данышпан айтқан екен «Соғыс зардабын шекпеген ұрпақ, оның зардабын түсінбейді. Сондықтан жер-шарында соғыс қайталанады».

Міне, кеше ғана Аллаға шүкір Жеңістің 70 жылдығын тойлаадық. Жетпіс жыл сұрапыл соғыс болған жоқ. Еште болмасын да.

Азамат, әрбір қастандық әрекет алдында ОЙЛАН. Сенің де жанұяң бар, балаң бар, әке-шешең бар, бауырларың бар. Ол адамның да жанұясы бар, баласы бар, әке-шешесі бар, бауырлары бар. Алдымен соны ойла. Екінші адамнан жасырған әрекет Алла тағаланың назарынан тыс қалмайды. Оның кесірі Екі дүниеде де сазайынды береді, кесірі жақындарыңа да тиеді. Сондықтандабіреуге қастандық, жамандық, алдау-арбау, зорлық, паралау жасар алдында ойлан.Тағы да ойлан. Ойланып тұрып жамандықтың жолын бұруға тырыс. Жасама да.

Аллаға шүкір жер бізге жұтатын ауа, ішетін су,жейтін азық берді. Бізге оны өсіп-өнсін деп жар берді, ұрпақ берді. ОСының бәріне шүкір деп қастандықсыз мейірімді тату-тәтті өмір сүрейік. Адам түгіл жәндікке қастандық жасамайық. Ата-бабамыз мал сояр алдында құдайдан кешірім сұрап сояды. Реті келсе өсіп тұрғанағаш талды да кесіп бүлдірмеу керек. Оны д бізге Алланың берген шапағаты деп есептейік.

Қазіргі кезде Украина Сирияда соғыс болып жатыр. Онда политиктер, басшылар билікке таласып жатыр. СОғыс болған соң адам өлмей тұрмайды. Соғыстың зардабын қарапайым халық шегуде. Жер жүзіндегә адамзатқа айтарым соғыстың үлкен кішісі болмайды. СОғыста адам баласы шығын болады. Мүлдем соғысты болдырмайық. Бізге керегі бейбітшілік, адамгершілік.

Біздің қазақ елінде 130 дан астам ұлттың өкілдері тұрады. Сол ұлттар тату-тәтті гулдей жайнап уайым-қайғысыз өсіп өнген. Оның себепшісі біздің ел басшымыз Нұрсылтан Назарбаев мырза. Баұыт дегеніміз тату-тәтті елде өмір сүру. Біздің мақтанышымыз, дүние жүзі құлақ асқан ел басшымыз. Оның куәсі биылғы жылдың Халықтар ассамблеясы жылы болып жариялануы, кешегі Астанада өткен діндарлардың жиыны.

Азматтар мен азаматшалар, өсейік өнейік, жер етінде бақытты өмір сүрейік, болашақты ойлайық. Адамзат деген атымызға кір келтірмейік. Қорыта келгенде, осы хатымды бүкіл жер бетіндегі халықтар оқыса екен. Басшылары құлақ түріп дұрыс шешімге келсе екен. Адамға қиянат жасау оңай, ал бақыт сыйлау қиын бомласа екен.

Осы хатымда бралық елдерге таратып аударйп берсе екен деймін. Аудрамашыларға, газет бетіне жариланған журналистерге алдын ала рахметімді айтамын.

15.07.2015.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/so-ys-bolmasyn-529451](https://yvision.kz/kk/post/so-ys-bolmasyn-529451)