---
title: "Соғыс ардагерлеріне 3 млн теңгег дейін төленді"
description: "Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ардагерлерге төлем жасалды. Фото: egemen.kz Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттерден барлығы 187 млн теңге бөлінді. Биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік..."
author: "orazali"
published: "2024-05-06T04:28:17+00:00"
modified: "2024-05-06T05:16:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-ys-ardagerlerine-3-mln-te-gege-deyin-t-lendi-1004327"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-ys-ardagerlerine-3-mln-te-gege-deyin-t-lendi-1004327/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Соғыс ардагерлеріне 3 млн теңгег дейін төленді

> Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ардагерлерге төлем жасалды. Фото: egemen.kz Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттерден барлығы 187 млн теңге бөлінді. Биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік...

*Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ардагерлерге төлем жасалды. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/5815cfdff78ef3ab8914a6496d4e48.jpg)

Фото: egemen.kz

Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттерден барлығы 187 млн теңге бөлінді. Биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 млн теңгені құрады. Бұл ретте көптеген өңірде орташа мөлшерден жоғары сома төленді: Ақмола облысында – 3 млн теңге, Ақтөбе облысында – 2 млн теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ардагерлер 2 млн теңгеден алды. Елімізде ІІ Дүниежүзілік соғыстың 148 ардагері тұрады. @qazaqstantv

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/so-ys-ardagerlerine-3-mln-te-gege-deyin-t-lendi-1004327](https://yvision.kz/kk/post/so-ys-ardagerlerine-3-mln-te-gege-deyin-t-lendi-1004327)