---
title: "соғылмаған қоңырау..."
description: "Өзімнің басымнан өткеннен кейін мен неші түрлі ойларымды осы блогқа жазуды жөн көріп отырмын. Мені м..."
author: "lonelygirl"
published: "2015-03-15T10:02:06+00:00"
modified: "2019-06-25T04:28:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-ylma-an-o-yrau-482169"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-ylma-an-o-yrau-482169/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# соғылмаған қоңырау...

> Өзімнің басымнан өткеннен кейін мен неші түрлі ойларымды осы блогқа жазуды жөн көріп отырмын. Мені м...

Өзімнің басымнан өткеннен кейін мен неші түрлі ойларымды осы блогқа жазуды жөн көріп отырмын. Мені мазалайтын сұраақтардың бірі жігіт атаулысының көбі дерлік көпке топырақ шашпайын менімен сөйлескен кездің басында асты-үстіңе түсіп қал-жағдайыңды сұрап сені айналшықтап қалады. Ал біраз күннен соң түк болмағандай саған телефон шалғанды қойып, әлеуметтік желілерде жазғанын да қояды. Немесе саған үміт беріп "кейінірек хабарласам бір жұмыстарым шығып қалды" деп ақтала жөнеледі. Жоқ мен түсіне алмадым не сүй ол қызды ,не басынан ол қызға жолама дегім келеді. Қыздың жүрегі ашық тұрған есігі жоқ аула емес қой, ол бір нәзік сырға толы бақ десем артық айтпаспым. Бірақ мен оның орнына өзімді сан мәрте қойып көрдім, енді соншама 10 секунд "сәлем! қалың қалай? менде бәрі жақсы, тек сен уаймдама деп айта салса аспан жерге түсе ме? сондық уақыт темекі тартуға, ватсапп дейтін бәлелерге кіруге табылады деймін де.

P.S. бұдан шығатын қорытынды ол сені керек қылмаса, өлсе де хабарласпас не сен жүгір артынан, не ол басқа қызбен сөйлесіп кетер. Мұндайда сіздерді зарыға күтіп жүрген қыздарыңызға шындықты тіке бетке айтқан дұрыс, құр уақыт созбай.

![соғылмаған қоңырау...](https://storage.yvision.kz/images/user/lonelygirl/eXixYPZPUClo7EVTAvg6Q87i67Q073.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/so-ylma-an-o-yrau-482169](https://yvision.kz/kk/post/so-ylma-an-o-yrau-482169)