---
title: "Соңғы жаңалықтармен бірге жүру!"
description: "2017 жылы 19 мамырда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурсты ө..."
author: "finpolsko"
published: "2017-05-22T03:12:09+00:00"
modified: "2017-05-22T03:12:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-y-zha-aly-tarmen-birge-zh-ru-767464"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-y-zha-aly-tarmen-birge-zh-ru-767464/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Соңғы жаңалықтармен бірге жүру!

> 2017 жылы 19 мамырда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурсты ө...

![Соңғы жаңалықтармен бірге жүру!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/0047n3B4W8sBy7KQT153mqMDLsj5Di.jpg)

2017 жылы 19 мамырда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларын және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыры, бағдарламалары мен қағидаларын түсіндіру мақсатында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті Солтүстік Қазақсатн облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ахметова А.Ж. жиналғандарды мемлекеттік қызметке түсу тәртібімен, , үш сатылы жүйесі кадрларды іріктеумен, тестілеу бағдарламаларының, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстар өткізу тәртібінің өзгерістермен таныстырды.

Сонымен бірге, тыңдаушылар мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау өткізу туралы ережесімен, тағылымдама қағидаларымен, сынақ мерзімін белгілеу қағидасы және де мүдделер қақтығысы туралы түсінік беріліп, ол туындаған жағдайда қолданылатын іс-әрекеттер тәртібі туралы түсіндірілді.

Дөңгелек үстел өткізу барысында, қатысушылармен тестілеу бағдарламалары туралы, ішкі конкурстар өткізу және үлгілік біліктілік талаптары туралы бойынша сұрақтар қойған.

Дөңгелек үстел барысында қойылған барлық сауалдарға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/so-y-zha-aly-tarmen-birge-zh-ru-767464](https://yvision.kz/kk/post/so-y-zha-aly-tarmen-birge-zh-ru-767464)