---
title: "Соңғы қоңырау"
description: "Бүгін бүкіл ел көлемінде мектептерде салтанатты жиын өтіп, соңғы қоңырау соғылды. Бірінші сынып оқуш..."
author: "MON_RK"
published: "2017-05-25T08:28:28+00:00"
modified: "2017-05-25T10:40:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-y-o-yrau-767964"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-y-o-yrau-767964/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Соңғы қоңырау

> Бүгін бүкіл ел көлемінде мектептерде салтанатты жиын өтіп, соңғы қоңырау соғылды. Бірінші сынып оқуш...

Бүгін бүкіл ел көлемінде мектептерде салтанатты жиын өтіп, соңғы қоңырау соғылды. Бірінші сынып оқушылары алғашқы оқу жылын аяқтады (Олар әлі білім әлемінен көп дүниені үйреніп, жаңа іліммен танысады. Әзірше кітап-дәптерді жинап қоюға болады). Ал 11-сынып оқушылары мен олардың ата-анасы үшін толқынысты сәт. Мұғалімдер де кезекті түлектерін толқи отырып шығарып салды. Алда оларды үлкен өмір күтіп тұр.Оқушылар мен мұғалімдерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз! Барша оқушыларға жазғы демалыстың көңілді өтуін тілейміз. Қыркүйекте оқуға тың күш-қуатпен кірісейік. Мектеп бітірушілерге қорытынды емтихан мен ҰБТ-ны сәтті тапсыруға тілектеспіз.Ал министрлік өз жұмысын жалғастыруда. 24 мамыр күні министр Ерлан Сағадиев Қызылорда Мемлекеттік университетінің студенттер сарайында ұстаздар қауымымен кездесіп, білім беру секторының көкейтесті мәселелерін талқылады. 25 мамыр күні министр Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының мектептерінде болып, 2016-2017 оқу жылының аяқталуына арналған “соңғы қоңырау” салтанатына қатысты. Апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 5 мектеп және 2 балабақша пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Ерлан Сағадиев 200 орындық мектептің құрылысы барысымен және Қазалы ауданының мектеп-лицейімен танысты.

![Соңғы қоңырау](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/T4GEoh0IFvhYOeaBrx1cf43z6sb0fk.jpg)

![Соңғы қоңырау](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/1j4t6Qc42k8pX399d6xZTd2thz7uh3.jpg)

![Соңғы қоңырау](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/WjdCDJNMmq3IaQGtmNVLRVDqfjYKB8.jpg)

![Соңғы қоңырау](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/pr10snJyuC6qYOKDT11uDJGSzcFTnh.jpg)

![Соңғы қоңырау](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/AgJfmWUUqYF6x29bDP13v4Ct1Cl0Fy.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/so-y-o-yrau-767964](https://yvision.kz/kk/post/so-y-o-yrau-767964)