---
title: "Соңғы 8 жылда Қазақстандағы өндірістік жарақаттану көрсеткіші 30%-ға жуық төмендеді"
description: "Қазақстанда 2008-2015 жылдар аралығында өндірістік жарақаттану көрсеткіші 29,5%-ға төмендеді. 2008 ж..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2016-05-17T03:22:57+00:00"
modified: "2016-05-17T03:22:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-y-8-zhylda-aza-standa-y-ndiristik-zhara-attanu-k-rsetkishi-30-a-zhuy-t-mendedi-693591"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-y-8-zhylda-aza-standa-y-ndiristik-zhara-attanu-k-rsetkishi-30-a-zhuy-t-mendedi-693591/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Соңғы 8 жылда Қазақстандағы өндірістік жарақаттану көрсеткіші 30%-ға жуық төмендеді

> Қазақстанда 2008-2015 жылдар аралығында өндірістік жарақаттану көрсеткіші 29,5%-ға төмендеді. 2008 ж...

Қазақстанда 2008-2015 жылдар аралығында өндірістік жарақаттану көрсеткіші 29,5%-ға төмендеді. 2008 жылы өндіріс орындарында 2 мың 444 адам жарақат алса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 1 мың 723 адам болды.

2005-2015 жылдар аралығындағы өндірістік жарақаттан қайтыс болған қазақстандықтардың саны 2008 жылғы 404 адамнан 2015 жылы 251 адамға, яғни 38,1 %-ға азайды.

Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласында атқарған іс-шаралары нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еліміздің өндіріс орындарында еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігін басқарудың заманауи жүйесін құруға бағытталған жаңа Еңбек кодексі әзірленіп, күшіне енді. Еңбек кодексінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде бірігіп іс-шаралар атқару үшін жұмыс беруші мен жұмысшы тараптары өкілдерін біріктіруге негізделген өндірістік кеңесті құру көзделген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/so-y-8-zhylda-aza-standa-y-ndiristik-zhara-attanu-k-rsetkishi-30-a-zhuy-t-mendedi-693591](https://yvision.kz/kk/post/so-y-8-zhylda-aza-standa-y-ndiristik-zhara-attanu-k-rsetkishi-30-a-zhuy-t-mendedi-693591)