---
title: "Соңғы 17 жылда әлеуметтік төлемақы шығындары 6,9 есеге өсті"
description: "1999-2015 жылдар аралығында мемлекеттік әлеуметтік төлемақыларға бағытталған республикалық бюджеттің..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2016-04-06T23:14:57+00:00"
modified: "2016-04-06T23:14:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-y-17-zhylda-leumettik-t-lema-y-shy-yndary-6-9-esege-sti-687894"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/so-y-17-zhylda-leumettik-t-lema-y-shy-yndary-6-9-esege-sti-687894/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Соңғы 17 жылда әлеуметтік төлемақы шығындары 6,9 есеге өсті

> 1999-2015 жылдар аралығында мемлекеттік әлеуметтік төлемақыларға бағытталған республикалық бюджеттің...

1999-2015 жылдар аралығында мемлекеттік әлеуметтік төлемақыларға бағытталған республикалық бюджеттің шығыны 6,9 есеге өсті (25,8-ден 177,5 млрд. теңгеге дейін).

Аталған кезеңде мүгедектікке байланысты әлеуметтік төлемақылардың орташа көлемі 7,3 есеге өсті: 3 106-дан 22 710 теңгеге дейін.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемақының көлемі 4,8 есеге өсіп, 2015 жылы 20 555 теңге болды (1999 жылы – 4 250 теңге).

Жас ерекшелігіне байланысты жәрдемақы 5,7 есеге өсті: 1999 жылы 1 951 теңгеден 2015 жылы 11 110 теңгеге дейін.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7%-ға ұлғайтылды. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 664 мыңнан аса жәрдемақы алушылар тіркелген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/so-y-17-zhylda-leumettik-t-lema-y-shy-yndary-6-9-esege-sti-687894](https://yvision.kz/kk/post/so-y-17-zhylda-leumettik-t-lema-y-shy-yndary-6-9-esege-sti-687894)