---
title: "Смартфонның сыңсуы"
description: "(2016 жылғы 1 сәуірден бастап барлық мемлекеттік органдарға смартфон, смартсағат, планшет, камерасы ..."
author: "Aico"
published: "2016-03-30T00:09:44+00:00"
modified: "2016-03-30T00:09:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/smartfonny-sy-suy-686191"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/smartfonny-sy-suy-686191/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Смартфонның сыңсуы

> (2016 жылғы 1 сәуірден бастап барлық мемлекеттік органдарға смартфон, смартсағат, планшет, камерасы ...

(2016 жылғы 1 сәуірден бастап барлық мемлекеттік органдарға смартфон, смартсағат, планшет, камерасы бар телефондар алып кіруге тиым салынды. Мемлекеттік қызметкерлер сүйікті смартфон/аяулы айфондарын үйге қалдырып, жұмысқа қарапайым телефонмен келуге міндеттелді).

Сондағы смартфонның айтқаны:

 

Ай, ватсап, ватсап, ватсап,

Шенеунік иеміз құрғыр

Кетті ғой бізді тастап.

Камера құрбым, қайдасың,

Қалдың ба сен де қақсап.

Иеміз шенеунік байғұс

Түгі жоқ тұл телефонмен

Жұмысы жүр ма ақсап.

 

Жұмысы жүр ме екен ақсап

Инстаға кіре алмай,

Ютубтан көре алмай,

Твиттер мен фейсбукта

Көсемсіп сөйлей алмай.

Иеміз жұмысқа кетті.

Біз үйде қалдық.

Смартфон атымыз өшіп,

Баланың ойыншығына айналдық.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/smartfonny-sy-suy-686191](https://yvision.kz/kk/post/smartfonny-sy-suy-686191)