---
title: "Словакия премьеріне тағы бір ота жасалды"
description: "Ота Словакия премьер-министрі Роберт Фицо о бастан жатқан Банска-Бистрица қаласындағы клиникада жасалған. «Дәрігерлер оқ тиген жерде қалған шірік тіндерін алып тастады. Ота шамамен екі сағатқа созылды. Пациент бұрынғыдай қарқынды терапия палатасында..."
author: "orazali"
published: "2024-05-18T05:18:17+00:00"
modified: "2024-05-18T05:18:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/slovakiya-premerine-ta-y-bir-ota-zhasaldy-1004752"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/slovakiya-premerine-ta-y-bir-ota-zhasaldy-1004752/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Словакия премьеріне тағы бір ота жасалды

> Ота Словакия премьер-министрі Роберт Фицо о бастан жатқан Банска-Бистрица қаласындағы клиникада жасалған. «Дәрігерлер оқ тиген жерде қалған шірік тіндерін алып тастады. Ота шамамен екі сағатқа созылды. Пациент бұрынғыдай қарқынды терапия палатасында...

*Ота Словакия премьер-министрі Роберт Фицо о бастан жатқан Банска-Бистрица қаласындағы клиникада жасалған.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/0dcadd4db217e13d430f671cfd9cfa.jpg)

«Дәрігерлер оқ тиген жерде қалған шірік тіндерін алып тастады. Ота шамамен екі сағатқа созылды. Пациент бұрынғыдай қарқынды терапия палатасында жатыр. Ол есін жиды. Жағдайы тұрықты, бірақ ауыр», – деді аталған клиниканың директоры.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/4bf68d2b98f84021c93b0095ec0c30.jpg)

Словакия премьер-министріне бірінші ота қастандық болған күні жасалды.

Естеріңізге салсақ, [Роберт Фицоға Гандлова қаласында бірнеше рет оқ атылған](https://yvision.kz/kk/post/slovakiya-premerini-astandy-tan-keyingi-zha-dayy-turaly-a-parat-eki-shty-bolyp-t-r-1004677) еді. Ол бұл кезде үкіметтің көшпелі отырысынан кейін жергілікті тұрғындармен кездесуге шыққан болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/slovakiya-premerine-ta-y-bir-ota-zhasaldy-1004752](https://yvision.kz/kk/post/slovakiya-premerine-ta-y-bir-ota-zhasaldy-1004752)