---
title: "Әскерилер «Отбасы күнін» атап өтті"
description: "ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының әскери қызметшілері «Отбасыв күні» мерекесін ат..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-09-09T07:44:43+00:00"
modified: "2013-09-09T07:44:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeriler-otbasy-k-nin-atap-tti-373053"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeriler-otbasy-k-nin-atap-tti-373053/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әскерилер «Отбасы күнін» атап өтті

> ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының әскери қызметшілері «Отбасыв күні» мерекесін ат...

**ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының әскери қызметшілері «Отбасыв күні» мерекесін атап өтті. Ақмола өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағы және Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі) әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері әртүрлі спорт жарыстарына қатысты.**

 
 

Спорттың 6 түрінен сайысқа қатысқан әскери қызметшілер Т.Нүсіпбековтің, Е.Омарбаев пен С.Баймұхамбетовтердің отбасы үздіктер атанды.

 
 

«Отбасы күні» мерекесі қарсаңында балалардың арасында асфальтқа сурет салудан өткен өнер жарысында подполковник А. Баймұхамбетовтің отбасы бірінші, полковник А.Скорняков екінші, ал подполковник Н. Қадыржановтың отбасы үшінші орынды иемденді. Олардың барлығы бағалы сыйлықтармен алғыс хаттармен марапатталды.

 
 

Әскери полицейлерді Отбасы күнімен Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі құттықтады.

 
 

Әскери қызметшілердің отбасы үшін Отбасы күні ең сүйікті мерекелердің біріне айналды. – Жаңа мереке біздің бейбіт елде өмір сүріп жатқандығымызды тағы бір дәлелдеп берді. Қазақстан армиясында жас отбасыларына баса назар аударылатынын қуана айтуға болады. Әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайы жылдан жылға жақсара түсуде, бұл біздің еліміздің экономикасының өркендеп отырғандығының куәсі деді,-мерекеге қатысқан әскери қызметшілер.

 
 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/skeriler-otbasy-k-nin-atap-tti-373053](https://yvision.kz/kk/post/skeriler-otbasy-k-nin-atap-tti-373053)