---
title: "Әскери қызметшілер аталар ерлігін үлгі тұтады"
description: "Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық ун..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-09-20T06:38:30+00:00"
modified: "2013-09-20T06:38:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-yzmetshiler-atalar-erligin-lgi-t-tady-374948"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-yzmetshiler-atalar-erligin-lgi-t-tady-374948/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әскери қызметшілер аталар ерлігін үлгі тұтады

> Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық ун...

**

![Әскери қызметшілер аталар ерлігін үлгі тұтады](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/20092013/1.jpg)

Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің әкімшілігімен бірлесіп Курск түбіндегі шайқасқа 70 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шараға Курск түбіндегі шайқасқа қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері Бекмади Ахат Бексадияұлы және Токабаев Каматай Темірбекұлы, әскери қызметшілер және әскери дайындық кафедрасының бір топ студенттері қатысты.**

Ардагерлердің құрметіне арналған жиын алдымен сап түзеген әскери сарбаздардың 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік Туын сахнаға әкелуімен басталды.

Салтанатты кездесу Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Бақтияр Пернебековтің Курск түбіндегі тарихи жеңістің тағылымы туралы сөзімен ашылды.

- Ұлы Отан соғысының барысында неміс-фашист басқыншыларын жеңу жолында үлкен роль атқарған ірі шайқас ардагерлерінің ерлігі бүгінгі Отан қорғаушылар үшін тағылымы мол үлгі-өнеге. Осындай кездесулердің әскери қызметшілерге, жастарға патриоттық тәрбие беруде алар орны орасан зор, - деп Бақтияр Пернебеков атап өтті.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/skeri-yzmetshiler-atalar-erligin-lgi-t-tady-374948](https://yvision.kz/kk/post/skeri-yzmetshiler-atalar-erligin-lgi-t-tady-374948)