---
title: "Әскери қызметкерлер жемқорлыққа қарсы"
description: "2015 ж. 20 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2015-06-15T22:44:32+00:00"
modified: "2015-06-15T22:44:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-yzmetkerler-zhem-orly-a-arsy-513616"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-yzmetkerler-zhem-orly-a-arsy-513616/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әскери қызметкерлер жемқорлыққа қарсы

> 2015 ж. 20 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі...

2015 ж. 20 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және қоғаммен өзара әрекеттесу бөлімінің консультанты М. Ахметқалиев профилактикалық рейд аясында Ақмола облысының қорғаныс жөніндегі Департаменті (әрі қарай - Департамент) ұжымымен түсіндіру жұмысын жүргізді.

Іс-шараға 53 адам қатысты. Кездесу барысында сөз сөйлеушімен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі басымдықтары, қоғамдық бақылау институтын енгізу, мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру жолдары туралы мәселелер кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, спикер жаңадан құрылған Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің мақсаттары мен міндеттері туралы айтып өтті. Әсіресе, Департаменттің құрылымындағы жаңа екі бөлім - сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және қоғаммен өзара әрекеттесу мен **талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау бөлімдерінің қызметі** туралы толығырақ айтылды.

Кездесу соңында, М. Ахметқалиев Департаменттің ұжымына өз міндеттерін адал орындауға, ҚР Мемлекеттік қызметшiлерiнiң Ар-намыс кодексін қатан ұстануға және а.ж. 19 мамырында Көкшетау қаласында бастау алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафонға қосылуға шақырды.

![Әскери қызметкерлер жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/2gK95ULXCB7gdt3ZJ97xs95gZzYlVv.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/skeri-yzmetkerler-zhem-orly-a-arsy-513616](https://yvision.kz/kk/post/skeri-yzmetkerler-zhem-orly-a-arsy-513616)