---
title: "Әскери қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа жол жок"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-08-19T05:12:07+00:00"
modified: "2015-08-19T05:12:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-yzmet-salasynda-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zhok-531347"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-yzmet-salasynda-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zhok-531347/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әскери қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа жол жок

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың **15 шілдесінде** Маңғыстау облысы бойынша қорғаныс істері департаментінде мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар-лекция өткізілді.

Семинар барысында алғашқы болып аумақтық Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы **Ербол Жұмабай** іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау методикасы, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары бойынша түсіндіріп өтіп, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша баяндады.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Сөз соңында іс-шара қатысушыларына Агенттіктің ресми [www.anticorruption.gov.kz](http://www.anticorruption.gov.kz) сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған [www.1494.kz](http://www.1494.kz) порталының, **1494** **Call-центрінің** жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

![Әскери қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа жол жок](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/pdW10YIP49zxkziYuRob3lEdr8W3S3.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/skeri-yzmet-salasynda-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zhok-531347](https://yvision.kz/kk/post/skeri-yzmet-salasynda-sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zhok-531347)