---
title: "Әскери ынтымақтастықты нығайту жолында"
description: "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің «Әскери ынтыма..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-11-22T07:46:02+00:00"
modified: "2013-11-22T07:50:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-yntyma-tasty-ty-ny-aytu-zholynda-386229"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-yntyma-tasty-ty-ny-aytu-zholynda-386229/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әскери ынтымақтастықты нығайту жолында

> Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің «Әскери ынтыма...

**

![Әскери ынтымақтастықты нығайту жолында](http://mod.gov.kz/mod-ru/images/stories/22112013-tal/1.jpg)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің «Әскери ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» белгісімен Қазақстан Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Ерлан Таласбаев наградталды.**

Таяуда Мәскеуде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің бірқатар әскери қызметшілерін наградтады. Олардың ішінде ТМД ҚМК Спорт комитетінің төрағасы болып табылатын полковник Ерлан Таласбаев та бар.

Спорт комитеті –Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің Достастық мемлекеттері қарулы күштерінің дене даярлығы мен спорт саласындағы маңызды мәселелерді үйлестіру жөніндегі жұмыс органы. Спорт комитетінің жұмысы – дене даярлығы саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштері спортшыларының қатысуымен олимпиялық, әскери-қолданбалы және техникалық спорт түрлерінен спартакиадалар, біріншіліктер, турнирлер өткізу, сондай-ақ оларды іске асыру жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылады.

 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/skeri-yntyma-tasty-ty-ny-aytu-zholynda-386229](https://yvision.kz/kk/post/skeri-yntyma-tasty-ty-ny-aytu-zholynda-386229)