---
title: "Әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы Қазақстан-Испан диалогы"
description: "Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Оқас Сапаров Испан..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-12-03T05:33:32+00:00"
modified: "2013-12-03T05:34:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-tehnikaly-yntyma-tasty-salasynda-y-aza-stan-ispan-dialogy-387878"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-tehnikaly-yntyma-tasty-salasynda-y-aza-stan-ispan-dialogy-387878/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы Қазақстан-Испан диалогы

> Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Оқас Сапаров Испан...

**

![Әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы Қазақстан-Испан диалогы](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/03122013/1.jpg)

Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Оқас Сапаров Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мануэль Ларротчамен кездесті.**

Келіссөздерге ҚР ҚМ халықарылық ынтымақтастық, әскери техникалық саясат департаменттерінің, ҚР ҚК қару-жарақ, оқ-дәрілер бас басқармаларының, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының, 14776 әскери бөлімініңәскери қызметшілері, сондай-ақ «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «Қазарнаулыэкспорт» РМК және «Қазақжарылысөнеркәсіп» АҚ өкілдері қатысты.

Жұмыс барысында қатысушылар қазақстан-испандық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ испандық «ASPA» пилотаждық тобының алдағы уақытта Қазақстанда өтетін «KADEX-2014» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуы мәселесін талқылады.

Атап өтетін болсақ, «KADEX-2014» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі әлемдік өндірушілерді Қазақстан Қарулы Күштерінің әлеуеті мен сұранысы туралы хабардар етеді, бәсекелік орта қалыптастыру үшін көш бастап келе жатқан шетелдік компанияларды тартады, сондай-ақ әскери мамандарды әлемдік өндірушілердің ең жаңа жетістіктері туралы хардар етеді.

Кездесу қорытындысы бойынша генерал-майор Оқас Сапаров пен елші Мануэль Ларротча Қазақстан мен Испания қорғаныс ведомстволары арасындағы достық байланыстарды бұдан әрі нығайтуға мүдделілік танытты.

Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Оқас Сапаров Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мануэль Ларротчамен кездесті.

Келіссөздерге ҚР ҚМ халықарылық ынтымақтастық, әскери техникалық саясат департаменттерінің, ҚР ҚК қару-жарақ, оқ-дәрілер бас басқармаларының, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының, 14776 әскери бөлімініңәскери қызметшілері, сондай-ақ «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «Қазарнаулыэкспорт» РМК және «Қазақжарылысөнеркәсіп» АҚ өкілдері қатысты.

Жұмыс барысында қатысушылар қазақстан-испандық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ испандық «ASPA» пилотаждық тобының алдағы уақытта Қазақстанда өтетін «KADEX-2014» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуы мәселесін талқылады.

Атап өтетін болсақ, «KADEX-2014» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі әлемдік өндірушілерді Қазақстан Қарулы Күштерінің әлеуеті мен сұранысы туралы хабардар етеді, бәсекелік орта қалыптастыру үшін көш бастап келе жатқан шетелдік компанияларды тартады, сондай-ақ әскери мамандарды әлемдік өндірушілердің ең жаңа жетістіктері туралы хардар етеді.

Кездесу қорытындысы бойынша генерал-майор Оқас Сапаров пен елші Мануэль Ларротча Қазақстан мен Испания қорғаныс ведомстволары арасындағы достық байланыстарды бұдан әрі нығайтуға мүдделілік танытты.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/skeri-tehnikaly-yntyma-tasty-salasynda-y-aza-stan-ispan-dialogy-387878](https://yvision.kz/kk/post/skeri-tehnikaly-yntyma-tasty-salasynda-y-aza-stan-ispan-dialogy-387878)