---
title: "әскери- патриоттық лагерь"
description: "Қазанның 25-30 жұлдызы аралығында Щучинск қаласында «Энергоинформ» АО оқу орталығы базасында респуьл..."
author: "uljan-17"
published: "2016-11-07T07:43:30+00:00"
modified: "2016-11-07T07:43:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-patriotty-lager-724568"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-patriotty-lager-724568/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# әскери- патриоттық лагерь

> Қазанның 25-30 жұлдызы аралығында Щучинск қаласында «Энергоинформ» АО оқу орталығы базасында респуьл...

Қазанның 25-30 жұлдызы аралығында Щучинск қаласында «Энергоинформ» АО оқу орталығы базасында респуьликалық «Жігер» әскери-патриоттық лагерь өтті. Лагерь Дін істері жөніндегі Министрлік пен азаматтық қоғам және ҚР Қорғаныс Министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастар Конгрессі ұйымдастырды. Лагерь Қазақстанның 14 облысынан жастарды түгел жинады.

Теле2 байланыстары тауда жақсы ұстамайтындықтан барлық жаңалықтарды іс-шараның соңына дейін сақтауға тура келді.

Сонымен, лагерьдің екінші күнінде "Әскери кростар бойынша тренинг жүргізу әдістемесі" тренингі өтті. Өткізген Гаврилов Виталий Петрович, Ақмола облыстық "Әскери-спорттық клуб Федерациясы" ОО төрағасы өткізді.

Мұнымен қатар," Әскери қолданбалы көпсайыс тренингтер жүргізу әдістемесі" тренингі, өткізген Нурпейсов Қанат Султангалиевич Ақмола облыстық "Әскери-спорттық клуб жаттықтырушысы өткізді.

Екінші күн көрсетілген көптеген мастер-класстармен есте қалды . Олар әскери- спорттық эстафеталар,жарыстарды туристік және басқа да жабдықтар қолдану арқылы өткізу.

Әскери-патриоттық клубтардың тәжірибе алмасуы үшін әңгіме алаңдары құрылды. Лагерь дәстүрі бойынша Рысбай Серіктің жаттықтыруымен жауынгерлік сабақтары өткізілді.

![әскери- патриоттық лагерь](http://storage.yvision.kz/images/user/uljan-17/MUV20o1tNoF1OaJaniBsg0EiYrFan0.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/skeri-patriotty-lager-724568](https://yvision.kz/kk/post/skeri-patriotty-lager-724568)