---
title: "Әскери медицина қызметкерлері көктем мерекесін тойлауда"
description: "Бүгін көктем мерекесі Наурыз қарсаңында Қазақстан Респбуликасы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери кл..."
author: "minoboronyRK"
published: "2014-03-20T05:11:11+00:00"
modified: "2014-03-20T05:11:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-medicina-yzmetkerleri-k-ktem-merekesin-toylauda-406109"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-medicina-yzmetkerleri-k-ktem-merekesin-toylauda-406109/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әскери медицина қызметкерлері көктем мерекесін тойлауда

> Бүгін көктем мерекесі Наурыз қарсаңында Қазақстан Респбуликасы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери кл...

Бүгін көктем мерекесі Наурыз қарсаңында Қазақстан Респбуликасы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінде «Армысың, әз-Наурыз!» атты салтанатты жиын өтті.

Әскери медицина қызметкерлері қазақ халқының бай дәстүрі мен әдет-ғұрпын паш етті, әртүрлі ұлттық ойындар ұйымдастырды, қонақтар үшін мерекелік дастархан жайылды, ән айтылып, би биленді – көктемгі көңіл-күй кеңінен орын алды.

Күн мен түн теңесетін Наурыз мейрамы шығыс халықтар үшін маңызды екенін атап өткен жөн. Наурыз мерекесін ұлан-асыр етіп тойланса, жыл бойы табыс пен береке әкеледі деп есептеледі.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/skeri-medicina-yzmetkerleri-k-ktem-merekesin-toylauda-406109](https://yvision.kz/kk/post/skeri-medicina-yzmetkerleri-k-ktem-merekesin-toylauda-406109)