---
title: "Әскери білім жүйесімен танысты"
description: "Пәкістан Ислам Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары Астанаға сапары барысында Қ..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-04-16T05:16:05+00:00"
modified: "2013-04-16T05:16:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-bilim-zh-yesimen-tanysty-347875"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/skeri-bilim-zh-yesimen-tanysty-347875/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әскери білім жүйесімен танысты

> Пәкістан Ислам Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары Астанаға сапары барысында Қ...

**

![Әскери білім жүйесімен танысты](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/16.0413/1.jpg)

Пәкістан Ислам Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары Астанаға сапары барысында Қазақстан әскери білім жүйесімен танысты. Қазақстан Қорғаныс министрлігінде шетелдік әскери делегацияны Білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Еділ Оразов күтіп алды.**

– Қазақстан тарапы Пәкістанмен ынтымақтастыққа жоғары мән береді және біздің мемлекеттер арасындағы стратегиялық байланыстардың дамуы мен өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға баса назар аударады,-деді Еділ Оразов.

Екі жақты қарым-қатынастардың тереңірек дамуының құралы болып қазақстан мен пәкістан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы болып саналады.

2012 жылғы қарашада Қазақстан мен Пәкістан арасында тиісті әскери ынтымақтастық жөніндегі Мемерандумға қол қойылды. Әскери сарапшылардың айтуынша бүгінгі күні екі елдің қорғаныс ведомстволары арасында қорғаныс өнеркәсібі саласында өзара жақсы қарым-қатынас орнаған.

Щучинскіде, Ұлттық қорғаныс университеті базасында пәкістандық делегация өкілдері Қазақстан Республикасы әскери білім жүйесімен егжей-тегжейлі танысты. Оқу орнына жасалған экскурсия, брифингтер мен тұсаукесерлер офицерлер академиялық білім алып жатқан қазақстандық әскери университет туралы ауқымды ақпарат алуға мүмкіндік берді.

– Қазақстан Қарулы күштерінде әскери кадрларды дайындау жүйесінде сапалы әрі мықты іргетас қаланған,-деп алған әсерін білдірді Пәкістан әскери делегациясының басшысы генерал-майор Джавед Икбал.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/skeri-bilim-zh-yesimen-tanysty-347875](https://yvision.kz/kk/post/skeri-bilim-zh-yesimen-tanysty-347875)