---
title: "Әскерге шақырылушылар апталығы өтті"
description: "Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі, қалалық мәдениет сарайы, Семей қаласының қорғаныс істері ..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-04-01T23:53:49+00:00"
modified: "2013-04-01T23:53:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/skerge-sha-yrylushylar-aptaly-y-tti-345179"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/skerge-sha-yrylushylar-aptaly-y-tti-345179/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әскерге шақырылушылар апталығы өтті

> Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі, қалалық мәдениет сарайы, Семей қаласының қорғаныс істері ...

**

![Әскерге шақырылушылар апталығы өтті](http://www.mod.gov.kz/mod-ru/images/stories/020413/site1.jpg)

Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі, қалалық мәдениет сарайы, Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының көмегімен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 2013 жылдың 26-29 наурызында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына көктемгі әскерге шақыруға арналған «Көктемгі әскерге шақырылушылар апталығы» атты іс-шара өткізді.**

** ****«Көктемгі әскерге шақырылушылар апталығы» атты іс-шара жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу, Отан алдында әскери және азаматтық борышын өтеу сезімін қалыптастыру, жас ұрпақтың Отан қорғауға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.**

** **

**Бұл күндері Семейде әскерге шақырылушылар үшін облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жауынгерлік және еңбек Даңқы бөліміне экскурсия ұйымдастырылды. Мұнда әскерге шақырылушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, интернационалист-жауынгерлермен кездесті. Ардагерлер болашақ Отан қорғаушыларға ақ баталарын берді.**

****

**Аталған күндері әскерге шақырушылар Семей гарнизонының әскери бөлімдеріне барып, әскери қызметшілердің тұрмыстарымен, күнделікті тыныс-тіршіліктерімен танысып, әскери техникалардың және қару-жарақтың жаңа үлгілерімен танысты.**

****

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

** **

****

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/skerge-sha-yrylushylar-aptaly-y-tti-345179](https://yvision.kz/kk/post/skerge-sha-yrylushylar-aptaly-y-tti-345179)