---
title: "Әскерге шақыру науқаны кезіндегі жемқорлықтың алдын алу"
description: "Ағымдағы жылғы 6 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде 20..."
author: "finpolsko"
published: "2016-04-08T04:52:24+00:00"
modified: "2016-04-08T04:52:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/skerge-sha-yru-nau-any-kezindegi-zhem-orly-ty-aldyn-alu-688166"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/skerge-sha-yru-nau-any-kezindegi-zhem-orly-ty-aldyn-alu-688166/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әскерге шақыру науқаны кезіндегі жемқорлықтың алдын алу

> Ағымдағы жылғы 6 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде 20...

![Әскерге шақыру науқаны кезіндегі жемқорлықтың алдын алу](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/5uelFsJvKST84qXqgO7T5uIDZAGwsE.jpg)

Ағымдағы жылғы 6 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде 2016 жылғы әскерге шақыру науқанын сапалы ұйымдастыру мақсатында әдістемелік семинар-кеңес өткізілді.

Жиынға СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Е.С. Байболов, Мемлекеттік қызмет істері министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық департаменттерінің, Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының, ҚР Ұлттық ұланының, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері және аудандық әскери бөлімшелердің жетекшілері қатысты.

Кездесуді ашқан ведомства басшысы, мемлекеттік қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен жүктелген стратегиялық мақсат-міндеттердің жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Осы орайда әскери органдар қызмет бабында заңнама нормаларын қатаң сақтанулары қажеттігі айтылды.

«Әскерге шақыру науқаны сапалы және тиімді өтуі үшін әскери органдармен бірге жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар және өзге де мүдделі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұдырықтай жұмылулары тиіс», - деді Еркінбек Байболов.

![Әскерге шақыру науқаны кезіндегі жемқорлықтың алдын алу](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/T63df1qS5H7SuVn1bMqlnT3PagK236.jpg)

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Рүстем Байжанов, семинарға қатысушыларды жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың жаңашылдықтарымен таныстырды.

Ол өз баяндамасында мемлекеттік органдар қызметіндегі жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі профилактикалық іс-шаралар мәселелеріне тоқталып, мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексін қатаң сақтанулары тиістігін кезекті рет ескертті.

Әскерге шақыру науқанының жүргізілу үрдісіне қатысты арыз-шағымдары туындаған азаматтар, бұдан былай СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасына қоса, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне де 8(7152) 46-74-46 сенім телефоны арқылы көмекке жүгіне алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/skerge-sha-yru-nau-any-kezindegi-zhem-orly-ty-aldyn-alu-688166](https://yvision.kz/kk/post/skerge-sha-yru-nau-any-kezindegi-zhem-orly-ty-aldyn-alu-688166)