---
title: "Өскемендегі өскелең ұрпаққа өнегелі іс"
description: "Өскеменде Мемлекеттік Рәміздер мерекесіне орай игі науқан болып өтті. Қаладағы ірі кафелер мен мейра..."
author: "tomizavr"
published: "2017-06-04T10:47:26+00:00"
modified: "2017-06-04T10:48:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/skemendegi-skele-rpa-a-negeli-is-768929"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/skemendegi-skele-rpa-a-negeli-is-768929/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өскемендегі өскелең ұрпаққа өнегелі іс

> Өскеменде Мемлекеттік Рәміздер мерекесіне орай игі науқан болып өтті. Қаладағы ірі кафелер мен мейра...

Өскеменде Мемлекеттік Рәміздер мерекесіне орай игі науқан болып өтті. Қаладағы ірі кафелер мен мейрамханалардың үстелдеріне Мемлекеттік Ту қойылды.

Науқанның басты мақсаты- қалалықтарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу және мерекелік атмосфераны қамтамасыз ету.

"Біз бүгін үстелдердің барлығына Ту орнаттық. Бұл қонақтарымыздың көңіл-күйін көтерді. Келушілердің көбі естелік фотосуретке түсіп, ата-аналар бүлдіршіндерге Мемлекеттік Рәміздердің маңыздылығы мен мағынасы туралы түсінідіріп жатты",-дейді "Пицца Блюз" желісі директорының маркетинг бойынша орынбасары Марина Савченко.

Өзімнің туған қаламнан болғасын ба, ыстық боп көзіме басылды. Өскеменді кейбіреулер орыстанған қала деп сырттай айтатын болған. Ал бұл науқан соған қарсы дәлел. Бір қарағаннан, оңай, ұсақ шаруа болып көрінгенімен, бұл мүлде олай емес. Көп түкірсе, көл деген. Небір алып қозғалыстың бастауында титтей бір әрекет жатқан жоқ па? Өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылық пен отансүйгіштікті дарытуға тырысқан ұйымдастырушылардың еңбегіне мың алғыс. Мерекеге деген ниетінің өзі қаншама! Ата-ананың айтқаны арқылы дарыған білім кей кезде кітаптан алған білімнен де артық болуы мүмкін. Туған жерге деген махаббатты айналасынан сіңіріп өскен бүлдіршіндер келешекте осы салттың ізін жалғастыратыны рас. Осындай науқандар еліміздің түкпір-түкпірінен орын алса көптік етпейді.

Толығырақ: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/originalnuyu-aktsiyu-zapustili-v-vko-319541/

(фотосурет ШҚО әкімдігінің сайтынан)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/skemendegi-skele-rpa-a-negeli-is-768929](https://yvision.kz/kk/post/skemendegi-skele-rpa-a-negeli-is-768929)