---
title: "Өскеменде «Жер-2024» республикалық оқу-жаттығуы..."
description: "3-4 маусымда еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Оқу-жаттығуды..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-03T06:42:45+00:00"
modified: "2024-06-03T06:42:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/skemende-zher-2024-respublikaly-o-u-zhatty-uy-tkizilip-zhatyr-1005246"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/skemende-zher-2024-respublikaly-o-u-zhatty-uy-tkizilip-zhatyr-1005246/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өскеменде «Жер-2024» республикалық оқу-жаттығуы...

> 3-4 маусымда еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Оқу-жаттығуды...

*3-4 маусымда еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/732ad296bd485a16df7ea31fee79bf.jpg)

Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында орналасқан.

Бүгін жойқын жер сілкінісіне ұшырау мүмкіндігі бар аталған өңірлерде «Баршаның назарына!» сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылды. Сондай-ақ адам көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізілді.

Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр.

Аталмыш іс-шараға республикалық, өңірлік азаматтық қорғау қызметтері және жергілікті атқарушы органдар қатысады, олар жойқын жер сілкінісі жағдайындағы іс-қимылдарды пысықтайды.

Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен далалық медициналық ауруханалар көрсетілетін болады.

**ШҚО ТЖД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/skemende-zher-2024-respublikaly-o-u-zhatty-uy-tkizilip-zhatyr-1005246](https://yvision.kz/kk/post/skemende-zher-2024-respublikaly-o-u-zhatty-uy-tkizilip-zhatyr-1005246)