---
title: "Өскеменде өткен ел біріншілігінде қарағандылық жас дзюдошылар озық шықты"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — Өскеменде 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында дзюдодан ел біріншілігі аяқталд..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-06-30T23:52:57+00:00"
modified: "2015-06-30T23:52:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/skemende-tken-el-birinshiliginde-ara-andyly-zhas-dzyudoshylar-ozy-shy-ty-517921"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/skemende-tken-el-birinshiliginde-ara-andyly-zhas-dzyudoshylar-ozy-shy-ty-517921/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өскеменде өткен ел біріншілігінде қарағандылық жас дзюдошылар озық шықты

> АСТАНА. ҚазАқпарат — Өскеменде 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында дзюдодан ел біріншілігі аяқталд...

# [!\[Өскеменде өткен ел біріншілігінде қарағандылық жас дзюдошылар озық шықты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150329232921-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150329232921.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Өскеменде 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында дзюдодан ел біріншілігі аяқталды. Оған Ақмола облысынан басқа барлық өңірлерден 240 палуан қатысты.

Дүбірлі дода нәтижесінде 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен Қарағанды облысының спортшылары бірінші орын алды.

Екінші орында — 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль ұтқан Қызылорда дзюдошылары. Шығыс Қазақстан облысы 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен үшінші орынға табан тіреді, деп хабарланған ҚР дзюдо федерациясының сайтында.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/skemende-tken-el-birinshiliginde-ara-andyly-zhas-dzyudoshylar-ozy-shy-ty-517921](https://yvision.kz/kk/post/skemende-tken-el-birinshiliginde-ara-andyly-zhas-dzyudoshylar-ozy-shy-ty-517921)