---
title: "Өскеменде «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентін (ТР ТС 018/2011) практикалық қолдану мәселелері бойынша семинар болып өтті"
description: "Өскемен қаласында «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламе..."
author: "MalikaD"
published: "2014-12-15T04:38:18+00:00"
modified: "2014-12-15T04:38:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/skemende-d-gelekti-k-lik-raldaryny-auipsizdigi-turaly-keden-oda-y-tehnikaly-reglamentin-tr-ts-018-20-449361"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/skemende-d-gelekti-k-lik-raldaryny-auipsizdigi-turaly-keden-oda-y-tehnikaly-reglamentin-tr-ts-018-20-449361/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өскеменде «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентін (ТР ТС 018/2011) практикалық қолдану мәселелері бойынша семинар болып өтті

> Өскемен қаласында «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламе...

Өскемен қаласында «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентін практикалық қолдану мәселелері бойынша семинар болып өтті. Оны Еуразиялық экономикалық комиссия, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК және «БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» Компаниялар тобы ұйымдастырды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/malikad/i7Szk7sYX8RpEG8KDuorRuhet4f637.jpg)

Бірыңғай экономикалық кеңістіктің Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия өткізген бірқатар дөңгелек үстелдер мен семинарлар циклін аяқтаған іс-шарада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Б.Б. Қанешев, Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директор орынбасары Б.М. Әділов, Техникалық реттеу жөніндегі федералдық агенттік басшысының орныбасары А.В. Зажигалкин сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтардың 100-ден астам өкілдері мен «кедендік үштік» елдері мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің сәйкестікті бағалау сарапшылары қатысты.

«Қазақстан экономикасының автомобильдік кластері мемлекет пен бизнестің бірігіп жұмсаған күшіне орай сенімді түрде дамып жетіліп келеді, - деп атап кетті ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Б.Б. Қанешев. – Қазіргі уақытта ҚР Үкіметімен Қазақстанның автомобиль саласын қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалық шаралары қарастырылып жатыр, автомобиль индустриясын қоса қызметтің барлық салалары үшін мультипликативтік әсерге ие, экономикада құрылымдық реформаларды жалғастыру жоспарланып отыр», - деп атап кетті спикер.

Семинарға қатысушыларға Кеден одағының жеке мемлекет-мүшелерінде доңғалақты көлік құралдары саласын техникалық реттеу жүйелерінде нақты бір айырмашылықтардың барлығы туралы ақпаратпен таныстырылды. Регламент бар техникалық кедергілерді жою, автомобиль жасау мен бүтін автокөлік саласын дамыту, сондай-ақ көлік құралдарын пайдаланумен байланысты тәуекелдерді төмендету бойынша маңызды мәселелерді шешуге бағытталған.

Семинарда көлік құралдарының түрін мақұлдау, шасси түрін мақұлдау бланкілерін толтыру ережелерін қолдану, Кеден одағының сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының бірыңғай тізбесіне енгізілген сертификаттау органдарының КО ТР сәйкестігін растайтын құжатты жою туралы хабарламаларды қолдану мәселелері қарастырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша семинарға қатысушылар «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО техникалық регламентінің 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуіне даярлық және КО мен ЕЭК мүше мемлекеттер рыноктарына қатысушылардың ауқымды шеңберіне қосымша хабардар ету тұрғысынан тақырып өзектілігін атап кетті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/skemende-d-gelekti-k-lik-raldaryny-auipsizdigi-turaly-keden-oda-y-tehnikaly-reglamentin-tr-ts-018-20-449361](https://yvision.kz/kk/post/skemende-d-gelekti-k-lik-raldaryny-auipsizdigi-turaly-keden-oda-y-tehnikaly-reglamentin-tr-ts-018-20-449361)