---
title: "«СК-Фармация» ЖШС Ситуациялық-талдау орталығын іске қосты"
description: "Бүгін «СК-Фармация» ЖШС-ның базасында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Св..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2016-11-02T10:23:58+00:00"
modified: "2016-11-02T10:23:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sk-farmaciya-zhshs-situaciyaly-taldau-ortaly-yn-iske-osty-723503"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sk-farmaciya-zhshs-situaciyaly-taldau-ortaly-yn-iske-osty-723503/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «СК-Фармация» ЖШС Ситуациялық-талдау орталығын іске қосты

> Бүгін «СК-Фармация» ЖШС-ның базасында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Св...

Бүгін «СК-Фармация» ЖШС-ның базасында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен Бірыңғай дистрибьютордың ситуациялық-талдау орталығы іске қосылды. Іс-шараға Қазақстанның денсаулық сақтау және фармацевтикалық салаларының ардагерлері, ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің, Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Ситуациялық-талдау орталығының негізгі функциялары – медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарына дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және жеткізу жөнінде ақпарат жинау және талдау. Ситуациялық-талдау орталығында дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы ақпараттың топтасуы нақты уақыт режимінде жұмыстың негізгі көрсеткіштері бойынша мәліметтердің өзектілігін; жоспарлау мен болжаудың сапасын; басқару шешімдерін қабылдау тиімділігін арттыруға; талдау материалдарын дайындау жылдамдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2017 жылы Ситуациялық-талдау орталығы ақпараттық жүйесін денсаулық сақтау және Электрондық үкімет порталының ұқсас жүйелерімен интеграциялау жүзеге асырылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sk-farmaciya-zhshs-situaciyaly-taldau-ortaly-yn-iske-osty-723503](https://yvision.kz/kk/post/sk-farmaciya-zhshs-situaciyaly-taldau-ortaly-yn-iske-osty-723503)