---
title: "Сіздерді, Ақтөбе қаласында 05.03.2011 жыл, «Жастар сарайы» сағ: 11:00 де болатын «Мұсылман – көркем мінез иесі» атты кешімізге шақырамын!"
description: "Құрметті Интернет қолданушылар! Сіздерді екі дүние сардары болған, сүйікті пайғамбарымыз хазі..."
author: "izgilik"
published: "2011-03-01T01:23:05+00:00"
modified: "2011-03-01T06:59:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sizderdi-a-t-be-alasynda-05-03-2011-zhyl-zhastar-sarayy-sa-11-00-de-bolatyn-m-sylman-k-rkem-minez-ie-126379"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sizderdi-a-t-be-alasynda-05-03-2011-zhyl-zhastar-sarayy-sa-11-00-de-bolatyn-m-sylman-k-rkem-minez-ie-126379/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сіздерді, Ақтөбе қаласында 05.03.2011 жыл, «Жастар сарайы» сағ: 11:00 де болатын «Мұсылман – көркем мінез иесі» атты кешімізге шақырамын!

> Құрметті Интернет қолданушылар! Сіздерді екі дүние сардары болған, сүйікті пайғамбарымыз хазі...

[!\[Сіздерді, Ақтөбе қаласында 05.03.2011 жыл, «Жастар сарайы» сағ: 11:00 де болатын «Мұсылман – көркем мінез иесі» атты кешімізге шақырамын!\](http://izgilik.files.wordpress.com/2011/03/1283968015_415412541.jpg?w=300)](http://izgilik.files.wordpress.com/2011/03/1283968015_415412541.jpg)

Құрметті Интернет қолданушылар! Сіздерді екі дүние сардары болған, сүйікті пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) туылған күн – Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Алла тағаладан зор денсаулық, ынтымақ, елімізге нұр шапағат, дінімізге қуат тілеймін. Келешегіміз кемел, болашағымыз нұрлы болып, Алла тағала баршамыздың жүректерімізді иман нұрына толтырсын. Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!

**Сіздерді, Ақтөбе қаласында 05.03.2011 жыл, «Жастар сарайы» сағ: 11:00 де болатын «Мұсылман – көркем мінез иесі» атты кешімізге шақырамын!**

*ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша Өкіл имамы,* *Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр»* *мешітінің Бас имамы: Б. Есмахан*

**Мәуліт ән-Нәби Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туған күні. Мәуліт - араб сөзі, қазақ тілінде «туған күн» деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан (ғ.с.) басталған пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіп қойылған сөз. Қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Пайғамбарға (с.ғ.с.) Алла рахымын төгіп, періштелер жарылқау тілейді. Ей, мүміндер! Пайғамбарға (с.ғ.с.) сендер де салауат айтып, сәлем жолдаңдар», - деген. Сондықтан да әр жылы ай тізбесінің рабиғул-әууәл айында әз Пайғамбарымыздың мәулітін мерекелеп, Алла тағала бізді өзінің сүйікті пайғамбары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.)** **үмметі етіп жаратқанына алғысымызды білдіріп, сүйікті хабибіне жамағат болып салауаттар айтамыз.**

** **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sizderdi-a-t-be-alasynda-05-03-2011-zhyl-zhastar-sarayy-sa-11-00-de-bolatyn-m-sylman-k-rkem-minez-ie-126379](https://yvision.kz/kk/post/sizderdi-a-t-be-alasynda-05-03-2011-zhyl-zhastar-sarayy-sa-11-00-de-bolatyn-m-sylman-k-rkem-minez-ie-126379)