---
title: "Сіз үшін Оғыз Доған кім?"
description: "Иа, ойландыратын жағдайлар күннен күнге көбейіп бара жатыр.. Ал мен де Эйр Астана туралы бір нәрсе ..."
author: "AizaAS"
published: "2017-08-19T04:19:20+00:00"
modified: "2017-08-19T09:43:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/siz-shin-o-yz-do-an-kim-776113"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/siz-shin-o-yz-do-an-kim-776113/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сіз үшін Оғыз Доған кім?

> Иа, ойландыратын жағдайлар күннен күнге көбейіп бара жатыр.. Ал мен де Эйр Астана туралы бір нәрсе ...

Иа, ойландыратын жағдайлар күннен күнге көбейіп бара жатыр.. Ал мен де Эйр Астана туралы бір нәрсе жазбасам, дамыл таппай кеттім ғой. Бұл мәселені бақылап жүрген жоқ едім. Естуім болды, бірақ оқымадым. Жана тағы бір желіде сол оқиға көзіме түскен соң, көрейінші осы дедім. Видеоны көрдім, мақаланың түр-түрін оқыдым. Эйр Астананың да, Оғыз Доғанның да айтқандарын оқыдық, зерттедік барынша.

Қалыптасқан ой біреу: Түрік азаматы "принципқа" барып отыр. Неге талап етпеске дейді ол? Менің құқығым жоқ па? Әлде мен қазақ ұлттық әуекомпаниясының жолаушысы емеспін бе? Мен не басқа ел әуекомпаниясының ұшағында отырмын ба? Бұл жерде Доған орысша немесе ағылшынша түсінсе де оған бәрібір. Ол қазақша сөйлескісі келеді. Неге бізге қазақша түсіндіре алмайды? Сөз жоқ, Эйр Астана әлемдегі әуекомпаниялардың мықтылар қатарына жатады. Ал осындай мықты ҰЛТТЫҚ компанияның қызметкерлері мемлекеттік тілді білмегені болмады енді! Және біршама халықтың алдында өз беделін сәл болса да түсірді.

Айыппұл жазып бергендеріне мен қарсы емеспін. Дұрыс, не десе де ол ережені бұзды. Сұрақ: Бортсерік те ережені бұзып отыр ма? Неге Эйр Астана халыққа нақты жауап бермейді? Неге бортсеріктің қазақша білмейтіндігін мойындамайды?

Тағы бір айта кететін жағдай. Мен бұл түрік азаматының Facebook желісіндегі парқшасын оқыдым, қарап шықтым. Расында, қазаққа деген махабат пен жанашырлық кеше ғана ашылды деп айта алмаспын. Осыдан 22 жыл бұрын, шатаспасам, Оғыз Доған Қзақстанға алғаш рет келген екен. Содан бері түріктер мен қазақтардың арасындағы достықты нығайтуға ат салысып жүрген азамат екен. Оны да білдік. Төлеген Айбергенов атамызды еске алу кешінеқонақ болып келе жатқан Оғыз осындай оқиғаға тап болды..

Айтатын нәрсе көп қой, бірақ білесіздер ме? Бортсеріктер былай тұрсын, өзіміздің билік басшылары қазақша дұрыс білмесе не сұраймыз. Эх.. Жаным ашиды қазақ тіліне.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/siz-shin-o-yz-do-an-kim-776113](https://yvision.kz/kk/post/siz-shin-o-yz-do-an-kim-776113)