---
title: "Сирия келіссөзі және Назарбаев"
description: "Кешеден бері Назарбаев қытайда жүр. Шығыстан не шықты, неге тым асықты деген сұрақ қоюыңыз мүмкін. Б..."
author: "tracyb"
published: "2017-05-14T10:39:02+00:00"
modified: "2017-05-14T10:39:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/siriya-keliss-zi-zh-ne-nazarbaev-766663"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/siriya-keliss-zi-zh-ne-nazarbaev-766663/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сирия келіссөзі және Назарбаев

> Кешеден бері Назарбаев қытайда жүр. Шығыстан не шықты, неге тым асықты деген сұрақ қоюыңыз мүмкін. Б...

Кешеден бері Назарбаев қытайда жүр. Шығыстан не шықты, неге тым асықты деген сұрақ қоюыңыз мүмкін. Бірақ, ол ойыңыз тым астам, тым үстірт дер едім.

Неге десеңіз, аспан асты еліне **Назарбаев** ғана емес, Ресейден Президент **Путин**, Түркия жетекшісі **Ердоған** және Беларусь Басшысы **А.Лукашенко**, Өзбек Президенті **Ш.Мирзиеевта** барды. Сол форум ғой, баяғы. Бұл жолғысы **«ірілеу»** өтті дейді. Ас ішіп, аяқ босату болған жоқ дейді, сарапшылар. Азулылар **«азып»** қалмаудың амалын бірге іздеп әлек екен. Көздегендері анау керек, мынаны бірге шешейік деген ортақ мүдде.

**Нұрсұлтан Назарбаев** ***"Бір белдеу, бір жол"*** **атты халықаралық ынтымақтастық форумының ашылу** **салтанатында біраз дүниені жайып салды. Жиналғандарды аузына қаратты. Жаһан экономикасы жаңғырып емес, жаңылып бара жатыр дегенге саятын пікірі мәйекті шықты.**

**Ердоған** **өзіне** **(бізді)** **тартқан сыңай танытып, бізде өткен Сирия жөніндегі келіссөздердің қорытындыларын табысты болды дегенге келтірді. Сирия мәселелері жөніндегі диалогты Женевада жалғастыру үшін оның маңызды платформа болғанын атап өтті,** **Ердоған** **бей.**

Дереккөз: Ақорда сайты

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/siriya-keliss-zi-zh-ne-nazarbaev-766663](https://yvision.kz/kk/post/siriya-keliss-zi-zh-ne-nazarbaev-766663)