---
title: "Өсіп жатыр, құламай..."
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Булат Окуджава \"Грузинская мелодия\" Фотоматериал авто..."
author: "Aikosmuz"
published: "2017-11-18T06:41:07+00:00"
modified: "2017-11-18T06:41:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sip-zhatyr-lamay-785401"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sip-zhatyr-lamay-785401/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өсіп жатыр, құламай...

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Булат Окуджава "Грузинская мелодия" Фотоматериал авто...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

**Әуен авторы – Булат Окуджава "Грузинская мелодия"**

**Фотоматериал авторлары – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»**

**Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы**

**Вконтакте – [https://vk.com/public56982889](https://vk.com/public56982889)**

 
 
 
 

Қандай ғажап, мынау өмір,

Қиындыққа қарамай.

Тасты жарып, кіп-кішкентай,

Өсіп жатыр, бір қорықпай.

 

Қара тастан, қысып жатқан,

Аяқ асты, көліктен

Соққан желге қарамай,

Өсіп жатыр, құламай.

 

Қандай төзім, өмір үшін,

Топырақ-жерді талғамай.

Қалт-құлт етіп, жатсадағы,

Өсіп жатыр, тоқтамай.

 

Кейбір гүлге, жылы жерлер,

Бұйырады алдынан.

Менсінбейді, ондай гүлдер,

Сынап, қарап артыңан.

 

Ғажап өмір, ұқсасын-ай,

Тағдырына, мынау гүлдің.

Адамзатта осылай,

Талпыныста өмірдің.

 

https://www.youtube.com/watch?v=LCDekvLm6Q0&feature=youtu.be

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sip-zhatyr-lamay-785401](https://yvision.kz/kk/post/sip-zhatyr-lamay-785401)