---
title: "Сингапур Алматыға ақылды технологияларды енгізуге көмектеседі"
description: "Сингапур компаниялары Алматыда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысады. Алматы қаласының ә..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2017-11-30T14:32:19+00:00"
modified: "2017-11-30T14:32:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/singapur-almaty-a-a-yldy-tehnologiyalardy-engizuge-k-mektesedi-786675"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/singapur-almaty-a-a-yldy-tehnologiyalardy-engizuge-k-mektesedi-786675/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сингапур Алматыға ақылды технологияларды енгізуге көмектеседі

> Сингапур компаниялары Алматыда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысады. Алматы қаласының ә...

Сингапур компаниялары Алматыда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысады. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Сингапурға барды.

![Сингапур Алматыға ақылды технологияларды енгізуге көмектеседі](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/aucq2VvgF258d8jMTgjO2XqHF2122C.jpg)

Сапар аясында қала әкімі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлайды. Сингапурда қала әкімі мемлекеттік сыртқы істер министрі, Оңтүстік-Шығыс аймақ мэрі Мохаммед Малики Оманмен және Сингапурдың Сауда, өнеркәсіп және ұлттық даму министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Ко По Коунмен кездесті.

Тараптар ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударып, көлік жүйесін ықпалдастырудың ең жақсы нұсқаларын талқылады.

Сингапурда халықтың тығыздығы жоғары, сондықтан қоғамдық көліктер тез дамып келеді. Автомобильдерге қатаң талаптар қою, автотұрақты азайту және ақылы жолдарды салу жолға қойылған. 2018 жылдан бастап қалалық билік кәдеге жарату бағдарламасы арқасында жеке автокөліктердің санының артуын жоспарлап отыр.

«Біз көліктік ауқымды реформаны жүзеге асырып жатырмыз және адамдардың өмірін жақсартатын ақылды шешімдерде Сингапурдың тәжірибесін қабылдадық. Алматыда күн сайын 700 мыңнан астам көлік жүріп жатыр, бұл қаладағы көлік қозғалысына қысым жасайды. Біз қоғамдық көлікке назар аударамыз. Жыл соңына қарай автобус паркі үш есе жаңартылып, ЖРТ жобасы дайындалып, БРТ дәлізі құрылады, метро құрылысы жалғасады, автобус жолдары 100 шақырымға дейін жеткізіледі. Бұдан басқа, автотұрақтар реттеледі, веложүріс пен жаяу жүргіншілер аймақтары құрылады», - деді Бауыржан Байбек.

Сингапурдың құрылысын стратегиялық жоспарлау, мастер-жоспар жасау және бақылауға жауапты қалалық жоспарлау агенттігі өз тәжірибесімен бөлісті. Биылғы жылы Алматы инфрақұрылымды жаңғыру жүзеге асырылды. Жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болу үшін тарихи орталықтың үштен бірі қалпына келтірілді. Полицентрлік принцип бойынша, қосымша аумақтар дамиды, әрбір облыста арнайы орталықтар құрылады. Қаланың Қалалық жоспарлау кеңесі территорияны абаттандыру, балабақшалар, мектептер құру және тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз ету сияқты нақты жағдайларды белгілейді.

«Қалалық жерлерді жоспарлаудағы маңызды фактор – халық санын болжау. Біз ұзақ мерзімді перспективада сапалы тұрғын үй және инфрақұрылымды қамтамасыз ете аламыз ба? Бұл үшін ғимаратты жинақтап, полицентрлік принципін ескеру керек, яғни бір облыста тұрғын үй, әкімшілік орталық, бос уақыт өткізуге болатын орындар болуы керек. Сонымен қатар, қолданыстағы кеңістіктер қайта жаңғыртылуда. Біздің жаңа тұжырымдамамыз бойынша, барлық тұрғын үйлердің 90% парктерден жарты километр радиуста орналасуы керек», - деді қалалық жоспарлау агенттігінің Академиясының деканы Ша Ка Пин.

Алматыда саябақтар мен алаңдарды қайта құру жобаларын дайындау және қаланы отырғызу стратегиясы әзірленуде. 2018 жылы 15 саябақ пен алаңды қайта құру жоспарланып отыр. Ботаникалық бақ та өзгереді. Жасыл аймақтарды құру және қолдаудың озық тәжірибелерімен танысу мақсатында Алматы делегациясы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне кіретін үш бақтың бірі болып табылатын Сингапурдың Ботаникалық паркінде болды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша, шетелдік серіктестерге арналған бағдарламаларды және шешімдерді әзірлейтін Сингапур ынтымақтастық ұйымы мемлекеттік агенттігі Алматыға ақылды технологияларды енгізуге және қаланың тиімді ортасын жоспарлауға, қаланың бас жоспарын әзірлеуге көмектесетініне келісті.

[Ақпарат көзі](https://bnews.kz)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/singapur-almaty-a-a-yldy-tehnologiyalardy-engizuge-k-mektesedi-786675](https://yvision.kz/kk/post/singapur-almaty-a-a-yldy-tehnologiyalardy-engizuge-k-mektesedi-786675)