---
title: "Сиқырға толы бал"
description: "Төрімізге жаңа жылдың келгеніне 14 күн толды. Жаңа жыл ерекше мейрамдардың бірі. Осы күні адамда..."
author: "CRMI"
published: "2015-01-14T03:17:20+00:00"
modified: "2015-01-14T03:17:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/si-yr-a-toly-bal-460387"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/si-yr-a-toly-bal-460387/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сиқырға толы бал

> Төрімізге жаңа жылдың келгеніне 14 күн толды. Жаңа жыл ерекше мейрамдардың бірі. Осы күні адамда...

Төрімізге жаңа жылдың келгеніне 14 күн толды. Жаңа жыл ерекше мейрамдардың бірі. Осы күні адамдардың барлығы тек жақсылыққа үміткер. «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» **-** деп халық даналықтарында айтылғандай Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарамасы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» ескі жаңа жылды шығарып салу рәсіміне **бал маскарад өткізді.**

**Бұл кештің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар келіп, мерекелік бағдарламасын жүргізді. Осы кеште жабырқаған адам болған жоқ. Өйткені бал сиқырға, ғажайыпқа толы болды.Осы кештің ханы Роман Краснощеков және ханшайым Айдана Молдаханова атанды. Келген 2015 жыл ғажайыпқа толы болсын!**

![Сиқырға толы бал](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/6JT8V6T63Z1loRFR36XDuW03r6Q0W4.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/si-yr-a-toly-bal-460387](https://yvision.kz/kk/post/si-yr-a-toly-bal-460387)