---
title: "Шыншылдық жақсылыққа жетелейді"
description: "2015 жылғы 15 сәуір күні оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу мақсатында Орал қаласындағы №26 жалпы білі..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-04-15T08:18:53+00:00"
modified: "2015-04-15T08:18:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shynshyldy-zha-syly-a-zheteleydi-491766"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shynshyldy-zha-syly-a-zheteleydi-491766/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шыншылдық жақсылыққа жетелейді

> 2015 жылғы 15 сәуір күні оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу мақсатында Орал қаласындағы №26 жалпы білі...

![Шыншылдық жақсылыққа жетелейді](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/dacIz8YQF12Inh8P84ak1P804XIvp8.jpg)

**2015 жылғы 15 сәуір күні** оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу мақсатында Орал қаласындағы №26 жалпы білім беретін мектебінің 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» тақырыбында кездесу өтті. Сабақ барысында оқушыларға білім алудың маңыздылығы және адамдардың жаман қылықтарының зияндылығы мәселелері түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. 8 сынып оқушылары постерде Шыншылдық, Жақсылық тақырыптарын қорғады. Сонымен қатар, Департаменттің консультанты Б.Хайруллин «Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру» бойынша ақпараттандырды.

![Шыншылдық жақсылыққа жетелейді](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/AHRZE0XX35gCbQUMldSr98v8H10ov9.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shynshyldy-zha-syly-a-zheteleydi-491766](https://yvision.kz/kk/post/shynshyldy-zha-syly-a-zheteleydi-491766)