---
title: "Шымкенттік 35 отбасы баспаналы болды"
description: "Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған. Іске қосылғалы 22 отбасыға т?..."
author: "journalist_n"
published: "2025-03-19T10:55:21+00:00"
modified: "2025-03-19T10:55:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkenttik-35-otbasy-baspanaly-boldy-1013038"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkenttik-35-otbasy-baspanaly-boldy-1013038/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкенттік 35 отбасы баспаналы болды

> Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған. Іске қосылғалы 22 отбасыға т?...

Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған. Іске қосылғалы 22 отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді. Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшіру болып табылады.

![Шымкенттік 35 отбасы баспаналы болды](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/b22d50c1a6fc451b2930a93d8357bde9.jpg?width=1440&height=960)

Бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрлыбаев көшесі, 4, 9, 14 үйлерінде тұратын тағы 35 отбасына жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтап, заманауи жайлы баспанаға көшу азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

![Шымкенттік 35 отбасы баспаналы болды](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/fb34fa06b0f30f14a001a35b75f99281.jpg?width=1440&height=960)

Қаланың осынау тарихи бөлігін заманауи және абаттандырылған шағын ауданға айналдыруға бағытталған тұжырымдама жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, мегаполистің келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.

![Шымкенттік 35 отбасы баспаналы болды](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/8cf24a099c4aa457ec76b9228d9608ed.jpg?width=1440&height=960)

Жақын арада осы ауданда тұратын тағы 159 отбасын көшіру жоспарлануда.

Жобада көпқабатты тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, саябақтар мен скверлерді, аудан әкімдігінің ғимаратын, спорт кешенін кезең-кезеңімен салу жоспарланған.

![Шымкенттік 35 отбасы баспаналы болды](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/4599b0f0de3dd8b04c65c6cc25eab1f1.jpg?width=1440&height=960)

Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған мектепті кеңейту және көпфункционалды сауда-логистикалық орталығын құру көзделген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkenttik-35-otbasy-baspanaly-boldy-1013038](https://yvision.kz/kk/post/shymkenttik-35-otbasy-baspanaly-boldy-1013038)