---
title: "Шымкенттегі мәдениет және руханият күні"
description: "Шымкентте «Ұлы Дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде Мәдениет және руханият күні а..."
author: "shymcity"
published: "2016-12-06T03:02:05+00:00"
modified: "2016-12-06T03:02:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkenttegi-m-deniet-zh-ne-ruhaniyat-k-ni-734422"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkenttegi-m-deniet-zh-ne-ruhaniyat-k-ni-734422/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкенттегі мәдениет және руханият күні

> Шымкентте «Ұлы Дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде Мәдениет және руханият күні а...

Шымкентте «Ұлы Дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде Мәдениет және руханият күні атап өтілді. Бүгін қаладағы барлық мектептер мен оқу орындарында Тәуелсіздіктің рухани құрамдауышы мен халықтың тарихи мұрасы негізі ретінде Қазақстанның мәдени мұрасы құндылықтарына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай №41 мектеп-лицейінің оқушылары ашық сабақтар өткізіп, мұнда өз Отанының жетістіктерімен және тарихымен танысты. Бастауыш сынып оқушылары интерактивті тақталар көмегімен еліміздің жетістіктері туралы деректі фильмдер қарап, талқылады. Лицейдің акт залында жоғары сынып оқушылары тәуелсіздікке арнап өлеңдер оқыды. Артынан мектеп оқушылары дайындаған театрландырылған мерекелік қойылым қойылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkenttegi-m-deniet-zh-ne-ruhaniyat-k-ni-734422](https://yvision.kz/kk/post/shymkenttegi-m-deniet-zh-ne-ruhaniyat-k-ni-734422)