---
title: "Шымкентте жігіттер жөнінде жүрген қыздарды ұрып, соққыға аямай жықты"
description: "Наурыз айының 11 күні Шымкент қаласының Шапағат ықшам ауданында төбелес болып, салдарынан екі бойже..."
author: "kami1997"
published: "2016-03-11T11:43:18+00:00"
modified: "2016-04-11T14:40:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-zhigitter-zh-ninde-zh-rgen-yzdardy-ryp-so-y-a-ayamay-zhy-ty-683032"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-zhigitter-zh-ninde-zh-rgen-yzdardy-ryp-so-y-a-ayamay-zhy-ty-683032/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкентте жігіттер жөнінде жүрген қыздарды ұрып, соққыға аямай жықты

> Наурыз айының 11 күні Шымкент қаласының Шапағат ықшам ауданында төбелес болып, салдарынан екі бойже...

Наурыз айының 11 күні Шымкент қаласының Шапағат ықшам ауданында төбелес болып, салдарынан екі бойжеткен емханаға түсті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kami1997/BYONjbw55GZxNVxBik0jSol8JqHW20.jpg)

Оқиға таңғы сағат 4 шамаларында Жолан батыр көшесінің бойында орын алған. Соққыны аямай жеген бойжеткендердің айтуынша, жігіттер қатты мас болғандықтан, еш себепсіз оларға жұдырық ала жүгірген .

Салдарынан бір бойжеткен есінен танып, екіншісі жағын сындырған. Жедел жәрдем оларды емханаға дереу жеткізді.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер жігіттерді іздестіруде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-zhigitter-zh-ninde-zh-rgen-yzdardy-ryp-so-y-a-ayamay-zhy-ty-683032](https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-zhigitter-zh-ninde-zh-rgen-yzdardy-ryp-so-y-a-ayamay-zhy-ty-683032)