---
title: "Шымкентте тұрғын қомақты көлемде жалған доллар сатпақ..."
description: "Шымкентте дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған азамат сотталды. Фото: golos-naroda.kz Бұл дерек бойынша қылмыстық істі Қаржылық мониторнг агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті тергеген. \"Аталған азамат 100 долларлық..."
author: "orazali"
published: "2024-02-20T04:37:33+00:00"
modified: "2024-02-20T04:39:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-t-r-yn-oma-ty-k-lemde-zhal-an-dollar-satpa-bol-an-1001347"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-t-r-yn-oma-ty-k-lemde-zhal-an-dollar-satpa-bol-an-1001347/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкентте тұрғын қомақты көлемде жалған доллар сатпақ...

> Шымкентте дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған азамат сотталды. Фото: golos-naroda.kz Бұл дерек бойынша қылмыстық істі Қаржылық мониторнг агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті тергеген. "Аталған азамат 100 долларлық...

*Шымкентте дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған азамат сотталды. *

![Шымкентте тұрғын қомақты көлемде жалған доллар сатпақ...](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/24ec6386abdc0845d4b1c240a11a16.jpg)

Фото: golos-naroda.kz

Бұл дерек бойынша қылмыстық істі Қаржылық мониторнг агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті тергеген.

"Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", — делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында. Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырып отыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-t-r-yn-oma-ty-k-lemde-zhal-an-dollar-satpa-bol-an-1001347](https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-t-r-yn-oma-ty-k-lemde-zhal-an-dollar-satpa-bol-an-1001347)