---
title: "Шымкентте спорт мектептерінің бапкерлері ақша жеген"
description: "Сот үкімімен Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Сот талқылауы барысында жаттықтырушылар..."
author: "jan.123"
published: "2024-03-12T05:55:10+00:00"
modified: "2024-03-12T05:55:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-sport-mektepterini-bapkerleri-a-sha-zhegen-1002139"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-sport-mektepterini-bapkerleri-a-sha-zhegen-1002139/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкентте спорт мектептерінің бапкерлері ақша жеген

> Сот үкімімен Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Сот талқылауы барысында жаттықтырушылар...

Сот үкімімен Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Сот талқылауы барысында жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынып, 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды.

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.

Құқық қорғау органдары мемлекет қаржысын ұрлауға қарсы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

**Шымкент қаласының прокуратурасы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-sport-mektepterini-bapkerleri-a-sha-zhegen-1002139](https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-sport-mektepterini-bapkerleri-a-sha-zhegen-1002139)