---
title: "ШЫМКЕНТТЕ САКУРА АҒАШЫ ГҮЛДЕДІ"
description: "Шырайлы Шымкенттің көшелерін көктем шуағына бөлеген сакура ағаштарын өткен жылдың қараша айында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбе..."
author: "journalist_n"
published: "2025-03-26T06:31:46+00:00"
modified: "2025-03-26T06:31:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-sakura-agashy-guldedi-1013092"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-sakura-agashy-guldedi-1013092/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ШЫМКЕНТТЕ САКУРА АҒАШЫ ГҮЛДЕДІ

> Шырайлы Шымкенттің көшелерін көктем шуағына бөлеген сакура ағаштарын өткен жылдың қараша айында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбе...

**Шырайлы Шымкенттің көшелерін көктем шуағына бөлеген сакура ағаштарын өткен жылдың қараша айында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков отырғызған болатын. Бүгінде 25 түп сакура бүршік жарып, қаланың көркін аша түсті.**

![ШЫМКЕНТТЕ САКУРА АҒАШЫ ГҮЛДЕДІ](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/9ff1e55426770d9e155218045d1a2b91.jpg?width=342&height=581)

Жапон мәдениетінің символына айналған бұл ағаштар «Журналистер» аллеясына, Назарбаев даңғылының бойына, Атлант сауда үйінің маңына, Сайрам және Жібек жолы көшелеріндегі гүлзарға отырғызылған еді. Биіктігі 4-5 метрге жететін сакуралар қаланың табиғи сәнін арттырып қана қоймай, экожүйені жақсартуға да ықпал етеді.

![ШЫМКЕНТТЕ САКУРА АҒАШЫ ГҮЛДЕДІ](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/44ccb287ecfeda6771d981b6529e237b.jpg?width=388&height=653)

Сакуралардың тамыры тереңге бойлап, бұтақтары жайқалып өсуі үшін тұрақты күтім жасалып, суару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бақылауында.

![ШЫМКЕНТТЕ САКУРА АҒАШЫ ГҮЛДЕДІ](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/1fd9c6d4433f3f56aa75fc907a830c01.jpg?width=344&height=604)

Айта кетейік, нәзіктіктің нышанына баланған сакура көшеттерін «BI Group» ЖШС сыйға тартқан болатын.

**Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-sakura-agashy-guldedi-1013092](https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-sakura-agashy-guldedi-1013092)