---
title: "Шымкентте полицейлер 1000-нан астам баспанаға тексеру жүргізді"
description: "Шымкент полицейлері мыңнан астам пәтер мен жеке үйге тексеріс жүргізді. Олардың әрқайсысында 20-дан..."
author: "orazali"
published: "2024-01-31T03:52:21+00:00"
modified: "2024-01-31T03:52:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-policeyler-1000-nan-astam-baspana-a-tekseru-zh-rgizdi-1000480"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-policeyler-1000-nan-astam-baspana-a-tekseru-zh-rgizdi-1000480/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкентте полицейлер 1000-нан астам баспанаға тексеру жүргізді

> Шымкент полицейлері мыңнан астам пәтер мен жеке үйге тексеріс жүргізді. Олардың әрқайсысында 20-дан...

Шымкент полицейлері мыңнан астам пәтер мен жеке үйге тексеріс жүргізді. Олардың әрқайсысында 20-дан астам адам тіркелген.

![Шымкентте полицейлер 1000-нан астам баспанаға тексеру жүргізді](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/7faf84057247328cd54ff3f351a28d.jpg)

Көші-қон қызметінің инспекторлары 28991 азамат тіркелген 1098 пәтер мен жеке үйді тексерді. Оның ішінде тек 9102-і өз тіркелген мекенжайында тұрады. Бүгінгі таңда 10005 тұрғын бөтеннің үйінен тіркеуден шығарылды.

Рейдтер барысында ӘҚБтК-нің 493-бабы бойынша 173 тұрғынжай иесі меншігінде нақты тұрмайтын тұлғалардың тіркелуіне жол бергені үшін жауапқа тартылды.

Сонымен қатар тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрған 716 тұлға анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-policeyler-1000-nan-astam-baspana-a-tekseru-zh-rgizdi-1000480](https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-policeyler-1000-nan-astam-baspana-a-tekseru-zh-rgizdi-1000480)