---
title: "Шымкентте мектеп оқушыларын тегін тасымалдау үшін 19 автобус ұсынылды."
description: "ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына қарсы Шымкентте оқушыларды тасып отыру үшін 10 мектепке 19 автобус б..."
author: "shymcity"
published: "2016-12-02T04:00:41+00:00"
modified: "2016-12-02T04:00:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-mektep-o-ushylaryn-tegin-tasymaldau-shin-19-avtobus-synyldy-732774"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-mektep-o-ushylaryn-tegin-tasymaldau-shin-19-avtobus-synyldy-732774/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкентте мектеп оқушыларын тегін тасымалдау үшін 19 автобус ұсынылды.

> ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына қарсы Шымкентте оқушыларды тасып отыру үшін 10 мектепке 19 автобус б...

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына қарсы Шымкентте оқушыларды тасып отыру үшін 10 мектепке 19 автобус берілді. Мектеп директорларына жаңа автобустар кілтін ұсына отырып, облыс әкімі Жансеит Түймебаев барлық қатысушыларды ерекше мәні бар мерекесімен құттықтады.

«Қымбатты оқушылар! Бұл автобустар сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін ұсынылады, сіздер үлгілі оқушылар болады деп сенемін. Онымен қоса, бұл автобустармен тарихи және мәдени ескерткіштерге баруға болады. Біздің Мемлекет басшысының болашақ ұрпақ тағдыры туралы әрдайым қамқорлығы сезіледі. Енді, меншікті автобустар қала мектептеріне шамамен 3 мың оқушыларды тегін жеткізіп отырады», - деді аудан басшысы.

Бұрында, келісім шарт негізінде балаларды тасымалдаумен «Абад ЮГ» ЖШС және «Төле би автобус паркі» ЖШС компаниялары айналысқан. Бұл автобустар қашықтығы 3 километрде тұратын балаларды тасымалдау үшін алынған.

Сонымен қатар, күрделі жөндеуден кейін Шымкент қ. бұрынғы әкімдігінің ғимараты пайдалануға берілді. Объектідегі орындалған жұмыс сапасын аудан басшысы Жансеит Түймебаев пен қала әкімі Габидулла Абдрахимов тексерді.

Ескере кету керек, бұл ғимараттың іргетасы 1950 жылы қаланған болатын. 2015 жылдың қыркүйегінде басталған жөндеуді жүргізу үшін 500 млн. теңге бөлінді.

Бүгінгі күні бұл жерде Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты, сонымен қатар жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және білім берудің қалалық бөлімдері орналасқан.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-mektep-o-ushylaryn-tegin-tasymaldau-shin-19-avtobus-synyldy-732774](https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-mektep-o-ushylaryn-tegin-tasymaldau-shin-19-avtobus-synyldy-732774)