---
title: "Шымкентте маргиналды жастар ұсталды"
description: "Шымкентте маргиналды жастардың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды. Қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы кешенді іс-шаралардың нәтижесінде аймақтағы жедел жағдайға теріс әсер ететін он адамнан тұратын топты ұстады. Олар қару..."
author: "orazali"
published: "2024-03-12T05:12:29+00:00"
modified: "2024-03-12T05:12:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-marginaldy-zhastar-staldy-1002132"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-marginaldy-zhastar-staldy-1002132/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкентте маргиналды жастар ұсталды

> Шымкентте маргиналды жастардың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды. Қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы кешенді іс-шаралардың нәтижесінде аймақтағы жедел жағдайға теріс әсер ететін он адамнан тұратын топты ұстады. Олар қару...

Шымкентте маргиналды жастардың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды.

![Шымкентте маргиналды жастар ұсталды](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/68744b1a6fe9a77c992adea06b1959.jpg)

Қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы кешенді іс-шаралардың нәтижесінде аймақтағы жедел жағдайға теріс әсер ететін он адамнан тұратын топты ұстады.

Олар қару пайдаланып, бұзақылық және бопсалаумен айналысқан. Құрықталғандардың жасы 20-дан 25-ке дейін. Тұрғылықты жерлерін тексеру барысында атыс қарулары, оқ-дәрілер мен басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Қылмыстық құқық бұзушылық жайттары бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

https://t.me/POLICE_of_KZ

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-marginaldy-zhastar-staldy-1002132](https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-marginaldy-zhastar-staldy-1002132)