---
title: "Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде әскери-патриоттық сайыстары болып өтті"
description: "Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде қала мектептері арасында «Айб..."
author: "shymcity"
published: "2016-11-24T02:35:09+00:00"
modified: "2016-11-24T02:35:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-ly-dala-eli-t-uelsizdikti-25-negizi-akciyasy-she-berinde-skeri-patriotty-sayystary-bolyp--729594"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-ly-dala-eli-t-uelsizdikti-25-negizi-akciyasy-she-berinde-skeri-patriotty-sayystary-bolyp--729594/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде әскери-патриоттық сайыстары болып өтті

> Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде қала мектептері арасында «Айб...

Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде қала мектептері арасында «Айбын», «Мен – өз Отанымның батыл қорғаушысымын» әскери-патриоттық сайыстары болып өтті. Саттар Ерубаев атындағы № 24 мектеп-лицейдің спорт залында 200 жоғары сынып оқушылары автомат қаруын құрастыру мен бөлшектеу, пневматикалық винтовкадан ату, арқан тарту, белтемірге тартылу, кіртасын көтеру бойынша сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңіске № 133 орта мектеп оқушылары қол жеткізді. Екінші орынды № 7 мектеп-лицей және № 104 ОМ оқушылары бөлісті. Үшінші орынды № 52 мектеп-гимназияның жас Отан қорғаушылары қанағат тұтты.

Жеңімпаздарға салтанатты түрде кубоктар мен құрмет грамоталары тапсырылды.

Шымкент қ. Ішкі саясат бөлімінің ақпараты бойынша.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-ly-dala-eli-t-uelsizdikti-25-negizi-akciyasy-she-berinde-skeri-patriotty-sayystary-bolyp--729594](https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-ly-dala-eli-t-uelsizdikti-25-negizi-akciyasy-she-berinde-skeri-patriotty-sayystary-bolyp--729594)