---
title: "Шымкентте бірнеше жалған полицей ұсталды"
description: "Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері қала тұрғындарына күш қолдану арқылы үлкен көлемдегі қаражатты ашық түрде иемденген үш ер адамды ұстады. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша,..."
author: "orazali"
published: "2024-04-26T04:10:27+00:00"
modified: "2024-04-26T04:10:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-birneshe-zhal-an-policey-staldy-1004002"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-birneshe-zhal-an-policey-staldy-1004002/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкентте бірнеше жалған полицей ұсталды

> Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері қала тұрғындарына күш қолдану арқылы үлкен көлемдегі қаражатты ашық түрде иемденген үш ер адамды ұстады. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша,...

*Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері қала тұрғындарына күш қолдану арқылы үлкен көлемдегі қаражатты ашық түрде иемденген үш ер адамды ұстады. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/ca9f303a4719868f98dc3b31383804.jpg)

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, күдіктілер полиция қызметкерлерінің атын жамылып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысқан. Яғни “қорғауға” аламыз деп, ай сайын төлем талап етіпті. Ұсталғандардың бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екіншісі алаяқтық үшін бұрын сотталған болып шыққан.

"Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан оларға қатаң түрде тосқауыл қойылатын болады. Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі атағын өз бетінше иемденіп алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қаскөйлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкінй, – дейді Шыңғыс Әлекешев. Polisia.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-birneshe-zhal-an-policey-staldy-1004002](https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-birneshe-zhal-an-policey-staldy-1004002)