---
title: "Шымкентте Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді"
description: "Қараша айының 3-і мен 7-і аралығында Шымкентте ұлттық спорттан Асанбай Асқаров атындағы халықарал..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-10-31T00:28:09+00:00"
modified: "2014-10-31T00:28:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-asanbay-as-arov-atynda-y-haly-araly-turnir-tedi-436848"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-asanbay-as-arov-atynda-y-haly-araly-turnir-tedi-436848/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымкентте Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді

> Қараша айының 3-і мен 7-і аралығында Шымкентте ұлттық спорттан Асанбай Асқаров атындағы халықарал...

[!\[Шымкентте Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20141030041717-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/20141030041717.jpg)

Қараша айының 3-і мен 7-і аралығында Шымкентте ұлттық спорттан Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді. Спортшылар турнир аясында көкпардан 12-ші, аударыспақтан 4-ші мәрте ұйымдастырылып жатқан жарыстарға қатысады.

Биыл жарысқа барлығы 6 команда қатысуға ниет білдіріп отыр. Турнирдің тұрақты қатысушылары қырғыз ағайындар биыл өздерінде өтетін жарыстарға байланысты келе алмайтын болды. Ал Өзбекстан спортшылары жарысқа сақадай-сай, тиісті құжаттар реттелген соң жарыстан бірнеше күн бұрын шымқалаға ат басын тірейді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290) , [Оңтүстік Қазақстан облысы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/266)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-asanbay-as-arov-atynda-y-haly-araly-turnir-tedi-436848](https://yvision.kz/kk/post/shymkentte-asanbay-as-arov-atynda-y-haly-araly-turnir-tedi-436848)